Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» мекемесі 2025 жылы нәтижелі жұмыс атқарды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың наурыз айында мекеме 120 орынды жаңа ғимаратқа көшіріліп, қызмет көрсету аясы кеңейтілді.

Нәтижесінде, 2024 жылы сауықтыру кешенінде 2 003 зейнеткерге қызмет көрсетсе, былтыр 2536 зейнеткер ем алды. Қазіргі таңда сауықтыру кешенінде 25 түрлі емдеу қызметі көрсетіледі. Атап айтқанда, циркулярлық душ, УФО, УЗТ, УВЧ, биоптрон, тұзды шахта, электротерапия, жылытқыш матрас, иондық детокс, инверсиялық үстел, электрфорез, парафинмен емдеу, мойын массаж аппараты, ингалятор, массаж орындығы аяқ массажері, дарсонваль, биоптрон, магнитті терапия, электртерапия, СЦЭК, сумен емдеу бөлімі және басқа да қызметтер бар.
Бұған қоса, жыл басынан бері зейнеткерлердің белсенді өмір салтын қолдау мақсатында 53 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылған.
Айта кетейік, Шымкенттегі санаторлық-курорттық қызмет кезек тәртібімен ұсынылады. Ол үшін зейнеткерлер geo-shym.kz сайты арқылы шипажай кезегіне тіркелуі қажет. Бұл кезек басқарма тарапынан берілетін шипажай жолдамаларын алуға жарамды.
З.АЛДАБЕРГЕНОВА
