Редакция таңдауы

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДӘЛЕЛДЕУГЕ МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ

WorldSkills TISK-2025 – студенттер мен жас мамандардың кәсіби шеберліктерін көрсетуге арналған байқау. Бұл байқау жастарға өз саласында жоғары деңгейге жетуге мүмкіндік береді және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға жол ашады.

WorldSkills – халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған үлкен алаң.Бұл байқау студенттер үшін тәжірибе жинақтап, өз саласындағы ең үздік маман атануға мүмкіндік береді.

Түркістан индустриалды құрылыс колледжі де бұл байқауды өткізу арқылы студенттеріне өз шеберліктерін көрсетіп, кәсіби білімдерін арттыруға мүмкіндік жасады. Байқауға қатысушылар 7 бағыт бойынша бақ сынады. Оның ішінде құрылыс, автосервис, дәнекерлеу және басқа да маңызды мамандықтар бар. Бұл байқау студенттерге тек шеберліктерін көрсету ғана емес, сондай-ақ өздерін болашақтағы жұмыс нарығында қай бағытта дамытатындарын анықтауға мүмкіндік береді.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілген бұл шаралардың мақсаты – жұмысшы мамандықтардың маңызын арттыру және жастарды еңбекқор, кәсіби маман болуға шақыру. Байқау барысында студенттер өзара тәжірибе алмасып, ең жақсы нәтиже көрсету үшін бар күш-жігерін салды. Мұндай іс-шаралар жастарды болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, ел экономикасының дамытуға өз үлестерін қосуға ынталандырады.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Соңғы жаңалықтар