Редакция таңдауы

Көксай тұрғындарына кезекті пәтер кілттері тапсырылды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың реновация бағдарламасы аясында Көксай шағын ауданы тұрғындарына пәтерлердің кілттерін тапсыру іс-шарасы өтті. Көксай аумағын жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес, бүгін 8 отбасыға жаңа үйден пәтерт кілттері табыс етілді.

Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын реновация бағдарламасы бойынша жаңа, жайлы үйлерге көшіру.

Бағдарлама басталғалы бері 102 отбасы жаңа үйлерге қоныс аударды. Тұрғындарға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарынан заманауи пәтерлер берілді. Барлық пәтер толық әрленген, бұрынғы үйлеріндегі бөлме санына толық сәйкес келеді және қоныстануға дайын.

Бүгін Нұрлыбаев көшесі, №13 үйде тұрған 8 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алды.

Қала әкімі азаматтарды жаңа қоныстарымен құттықтап, ескі үйлерден тұрғындарды көшіру қаланы дамытудағы басым бағыттардың бірі екенін айтты.

Қалған тұрғындар да құжаттары толық рәсімделіп болғаннан кейін, кезең-кезеңімен көшірелетінін атап өтті. Пәтер кілттерін табыстау рәсімі одан әрі жалғасын таппақ.

Көксай шағын ауданын жаңғырту – мегаполис инфрақұрылымын дамытуға, қалалық ортаны жақсартуға және тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win