Редакция таңдауы

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ ЖАҚСАРЫП, КЕПТЕЛІС АЗАЯДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті рет аралау барысында Каратау ауданындағы Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында салынатын жолайрық құрылысының жобасымен танысты.

Жоба көлік жүктемесін азайтуға, өткізу қабілетін арттыруға және жол қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған. Жолайрық құрылысы аяқталған соң, көлік ағымын оңтайландыруға, жолдағы уақытты қысқартуға және қатысушыларға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік туады.

Бұдан бөлек тасымал инфрақұрылымын дамыту аясында Шұбаркөл көшесінің Өтегенов көшесінен
Қазиев көшесіне дейінгі учаскесі мен Қазиев көшесінің Шұбаркөл көшесінен Арғынбеков көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс ашылды.

Қала әкімінің айтуынша, жаңа учаскелер көшелердің байланысын жақсартып, параллель көшелердегі көлік ағымын реттейді. Шаһар басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаяу жүргіншілер жолы мен көрші аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмысын аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, Ғ.Сыздықбеков
Ы.Алтынсарин көшесінің реконструкциясын тексерді. Көше жолақтарын екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту шағын аудандар арасындағы көлік қатынасын жеңілдетеді және Бәйдібек би даңғылындағы жүктемені азайтады.

Әрі қарай қала әкімі «Астана» алаңындағы ашық аспан астындағы мұз айдындары мен «Мұз сарайы» жанындағы жаппай сырғанау алаңын аралады.

Сейсенбі күні қала әкімі Шымкент Сити шағын ауданындағы қоғамдық кеңістік құрылысын қарап шықты. Демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан жобаның жалпы аумағы 17 240 шаршы метр.

Нысанда абаттандырудың негізгі жұмысы аяқталуға жақын. Көгалдандыру аясында түрлі ағаш, бұта және сәндік өсімдіктер отырғызу жоспарланған. Жаңа демалыс аймағы шағынаудан тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы уақыт өткізуіне жағдай жасау мақсатында салынуда.

Бұдан бөлек, Ғабит Әбдімәжитұлы Асар шағын ауданында қала көгалдандыруына қажетті көпжылдық гүл өсірілетін жылыжайға барды. Мұнда көшет өсіру процесімен, өсімдіктерді күтіп-баптау жағдайымен және қолданылатын агротехнологиялармен танысты.

Көпжылдық гүл дақылдарын алдын ала дайындау шығындарды азайтып, қаражатты тиімді пайдалануға және магистральдық көшелер мен қоғамдық орындарды сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, шаһар басшысы Әл-Фараби ауданы, Быковский көшесінде жергілікті тұрғындардың сұранысы бойынша салынып жатқан тағы бір қоғамдық кеңістік құрылысын тексерді. Ауданы 1 050 шаршы метрді құрайтын демалыс аймағында жаяу жүргінші жолын салу, автотұрақ ұйымдастыру, жарықтандыру және жасыл желек отырғызу қарастырылған.

Аралау соңында Ғ.Сыздықбеков Теріскей шағын ауданында салынған балалар алаңын және Қаратау ауданы әкімдігі ғимараты маңында демеушілер есебінен абаттандырылып жатқан демалыс аймағының құрылыс жұмысын бақылады. Бұл жобалардың барлығы қалада қауіпсіз, қолайлы және эстетикалық тартымды қоғамдық кеңістік құруға, жасыл аймақты көбейтуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

 

«ШК»-ақпарат

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win