Редакция таңдауы

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ҚАЛАЙ РЕТТЕЛІП ЖАТЫР?

Шымкент қаласында коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – басты назардағы мәселелердің бірі. Осы бағытта 2025 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірқатар маңызды жұмыстар атқарды.

Департамент басшысы Кенжеболат Көшекбаевтың мәлімдеуінше, қала бойынша табиғи монополиялар саласында 55 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 75 түрлі қызмет көрсетеді. Олардың ішінде су, жылу, электр және газбен жабдықтау сияқты тұрғындар үшін аса маңызды 5 негізгі кәсіпорын бар. Барлығы да заң талаптарына сәйкес бекітілген 5 жылдық тарифтер бойынша қызмет көрсетіп келеді.

–Коммуналдық саланың басты мәселелерінің бірі – кадр тапшылығы. Жалақының төмендігінен тәжірибелі мамандар басқа салаларға кетіп жатады. Мұның салдары қызмет сапасына әсер ететіні белгілі. 2025 жылы табиғи монополия субъектілерінің активтерін кеңейтуге, жаңғыртуға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестициялық бағдарламалар бекітілді. Нәтижесінде: жылумен жабдықтау саласында инвестиция көлемі 205,76 млн теңгені құрап, жалақы 14 пайызға өсті. Сумен жабдықтау саласында 4,75 млрд теңге инвестиция жоспарланып, жалақы 29 пайызға артты, су бұру саласында 1,876 млрд теңге инвестиция қарастырылып, жалақы 26 пайызға ұлғайтылған. Газбен жабдықтау саласында қызметкерлердің жалақысы 31 пайызға көтерілді, — дейді Департамент басшысы Кенжеболат Қуандықұлы.

Спикердің сөзінен белгілі болғандай, коммуналдық желілерді жаңғыртуға қомақты қаражат бөлінген. Мәселен, су саласына – 4,7 млрд теңгеден астам, су бұруға – 1,8 млрд теңге, жылу жүйесіне – 205 млн теңгеден аса инвестиция жоспарланған.

Департамент басшысы Шымкент қаласында мемлекет меншігіндегі 2 432 шақырымнан астам газ құбыры сенімгерлік басқаруға берілгені туралы да айтты. «Бұл желілерді күтіп ұстау мен жөндеу шығындары тарифке енгізіліп, жүйелі қызмет көрсетуге мүмкіндік туды. Тұрғындар үшін ең жағымды жаңалықтың бірі – тарифтердің төмендеуі. Инфляцияның өсуін тежеу мақсатында ауызсу тарифі 5 пайызға, газ бағасы 14,6 пайызға, жылу тарифі 6 пайызға төмендетілді.

Бұл шешімдер халықтың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.

Департамент коммуналдық кәсіпорындардың тарифті қалай пайдаланып жатқанын тұрақты бақылауда ұстайды. 2025 жылы 76 есеп қаралып, талаптарды орындамаған кәсіпорындарға қатысты шаралар қабылданды. Нәтижесінде, 30 қызмет түрі бойынша тарифтер уақытша төмендетіліп, тұрғындарға 236 млн теңгеден астам қаражат қайтарылатын болды.

Сонымен қатар, заң бұзған кәсіпорындарға қатысты 66 әкімшілік іс қозғалып, 367 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сотта қаралған істердің басым бөлігі департаменттің пайдасына шешілді», — деді ол.

Коммуналдық саладағы кәсіпкерлер үшін департамент 4 түрлі мемлекеттік қызмет көрсеткен. Былтыр 12 өтініш қаралып, олардың басым бөлігі оң шешімін тауыпты. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң бұзушылықтар тіркелмеген.

2025 жылы Шымкент қаласында табиғи монополиялар саласында тарифтік тұрақтылықты сақтау, инфрақұрылымды жаңғырту, кадрлық әлеуетті нығайту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында кешенді жұмыстар атқарылды. Бұл шаралар алдағы уақытта қала тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win