Редакция таңдауы

Конституцияда Бас прокурордың бес жылдық өкілеттік мерзімі алынып тасталады

Бас прокурордың қорғалуы мәртебесіне қатысты өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлім етті.

— Конституцияның 83-бабында Бас прокурордың бес жылдық өкілеттік мерзімі алынып тасталады. Сонымен қатар, аталған тармаққа Бас прокурордың қорғалуы мәртебесіне қатысты өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, Бас прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, Президенттің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жаза қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды, — деді Ерлан Сәрсембаев.

Оның айтуынша, осыған ұқсас түзетулер Конституцияның 71-бабында да және басқа да баптарына сай тиісінше Конституциялық Соттың төрағасы мен судьяларына, барлық тұрақты судьяларға, сондай-ақ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты көзделеді.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win