Редакция таңдауы

Конституциялық комиссия отырысында жаңа Ата заң мәселесін қарау ұсынылды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі бесінші отырысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев комиссия аясында жаңа Конституция мәселесін қарауды ұсынды.

– Кейінгі екі күн ішінде біз ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты әрі мұқият талқыладық. Кеше жобаның алдын ала нұсқасы таныстырылды. Мен бұл өзгерістердің бәрін тереңнен зерделеп шықтым. Мұндай Конституцияның мазмұндық тұжырымдамасын өзгертуге бағытталған өзге де маңызды жаңалықтар аз емес, — деді ол.

Мәди Мырзағараев ұсынылып отырған өзгерістердің бәрі қоғамның бүгінгі сұранысына, заман талабына сай келетінін атап өтті.

– Осыған байланысты Конституциялық комиссия аясында жаңа Конституция мәселесін қарау орынды деп санаймын. Сөз соңында бұл өзгерістер бойынша түпкілікті шешімді Қазақстан халқы қабылдайтынын тағы бір мәрте атап өткім келеді. Бұл өзгерістердің тағдырын референдум айқындайды. Бүгінгі біздің міндетіміз – қоғамға айқын әрі адамға бағытталған Конституциялық шешімдерді ұсыну. Одан арғысы халқымыздың қолында, — деді ол.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win