Редакция таңдауы

Креативті индустрияның дамуына қолдау көрсетілуде

Шаһарда биыл  креативті индустрияны қолдауға бағытталған тың жоба – «Shymkent Creative Hub» орталығы ашылған болатын. Онда шығармашылықты дамытуға арналған кеңістікте түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Соның бірі – белгілі кәсіби суретші Айман Тельходжаевтың шығармашылық үйірмесі.

Көптеген байқаулардың жүлдегері А.Тельходжаева ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай зергерлік бұйымдарға эпоксидті шайырды қолдану арқылы шәкірттеріне шеберлік сабағын өткізді. Бүгінде қарамағында 10-нан астам жеке шәкірт тәлім алып жүр. А.Тельходжаева бүгінде шығармашылығын дамытып, жасөспірімдермен бірге түрлі байқауларға қатысып келеді. Қолөнер бұйымдарын ағаштан, керамикадан, эпоксидті шайырдан жасайды. Қаладағы қолөнер, суретшілердің көрме-жәрмеңкелеріне тұрақты қатысып келеді.

Ата заңымыздың 30 жылдығына орай шәкірттері эпоксидті шайырды қолдана отырып, қазақы нақышта әшекей бұйымдар жасады. Бәрінің де сурет өнеріне деген қабілеті өте зор.

Айта кетсек, жаңа орталық қаладағы шығармашылықпен айналысатын мамандарды бір арнаға тоғыстырып, олардың кәсіби дамуына, идеяларын жүзеге асыруына және табыс көзін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Мұнда қолөнершілер, зергерлер, суретшілер, дизайнерлер мен контент-мейкерлер бірлесе жұмыс істейді. Олар өз өнімдерін көрсету, өткізу, тәжірибе алмасу және шығармашылық жобаларды дамыту мүмкіндігіне ие.

Жаңа хабта қазіргі уақытта этностильдегі бұйымдар, құрақ құрау, зергерлік өнімдер, заманауи сән мен қолөнер бағыттарында шеберлік сағаттары, фестивальдер, сән көрсетілімдері мен түрлі семинарлар тұрақты өткізілуде.

Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win