Редакция таңдауы

Лифттердің қауіпсіздік мәселесі талқыға салынды

Шымкент қаласы бойынша ішкі нарықты қорғау жөніндегі ахуалды штабтың кезекті отырысында лифттердің қауіпсіздігінің сақталу мәселесі қаралды. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Еңлік Қалдыбекқызы «Лифттердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіндегі лифттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жан-жақты түсіндіріп берді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан бүгінде өнімнің заңсыз әкелінуінің алдын алу мақсатында мемлекеттік бақылау күшейтіліп отыр. Үкімет қаулысына сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы органдар және жергілікті атқарушы органдар бірлесе штаб құрып, пайдалануға берілген лифттер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда сәйкестік сертификаттарының болуы, сертификатта көрсетілген сапа талаптарына сәйкестігі және тағы басқа мәселелер қарастырылады.
Жиында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров шаһардағы лифттердің жағдайы, әлеуметтік инфрақұрылымдардағы лифттерді қауіпсіз пайдалану жөнінде мәселелерді атап өтті. Оның мәліметінше, 2012-2024 жылдар аралығында қалада жалпы 71 лифт ауыстырылған. 2025 жылы 208 лифтке сынақ өткізіліп, 177-і тіркеуге алынған.

Сонымен қатар, «Қазақстан лифтшілерінің ұлттық қауымдастығы» президенті Ержан Игибаев лифттерді жеткізуге, монтаждауға және пайдалануға қойылатын талаптар туралы ҚР ұлттық стандарттарына тоқталды.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win