Редакция таңдауы

МӘМС инсульт алған науқастарды қалыпты өмірге қайта бейімдеуде

Медициналық оңалту — инсульт алған науқастарды қалыпты өмірге қайта бейімдеудегі маңызды емдік шаралардың бірі. Шымкент қаласында былтыр МӘМС аясында аталмыш дертке шалдыққан 1700-ден астам адам стационарлық жағдайда медициналық реабилитация қызметімен қамтылған. Ол науқастардың аяққа тұрып, қалыпты өмірге қайта оралулары үшін МӘМС жүйесі арқылы оңалту көмегіне 531 миллионнан астам теңге жұмсалған. Бұл — ми қан айналымының жедел бұзылысынан зардап шеккен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді көмек.

ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, қалада жалпы кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық, травматологиялық, пульмонологиялық және жалпы оңалту бағыттары бойынша 24 медициналық ұйым қызмет көрсетуде. Мәселен, «Victoria» оңалту орталығы нейрохирургиялық, кардиохирургиялық ота түрлері мен жарақат салдарынан болған ауруларда кешенді оңалту қызметін қарқынды жүргізіп келеді. Орталықта былтыр МӘМС есебінен 2000-нан астам адамға көмек көрсетілген. Пациенттерге дәрілік ем, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, магнитотерапия, кинези-терапия және гидрокинезотерапия, сондай-ақ психолог, логопед, невролог, кардиолог, реабилитолог дәрігерлерінің қызметтері ұсынылады. Мұнда әр пациентке жеке қозғалыс функцияларын түзетуге бағытталған кешенді реабилитация бағдарламалары әзірленеді.

Өкінішке қарай ауру жастар арасында да белең алған. Әйгерім Джахантаева 35 жаста. Өз бетінше жүре алмай қалған әйел үш ай бұрын МӘМС аясында омыртқа жарығына ота жасатқан. Қала тұрғыны мұнда отадан кейін оңалту емін қабылдап, қайта қадам басқанын айтады. Дәрігерлер мен пациенттің төзімділігі мен ерік-жігерінің арқасында әр қимыл мен қадам — ауруға қарсы күрестегі маңызды жетістік болып отыр.
Медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде ересектермен қатар балаларға да медициналық оңалту қызметтеріне қолжетімділік артқан. Шымкент қаласындағы оңалту орталықтары былтыр жалпы 450 мыңнан астам оңалту шараларын жүзеге асырған. Реабилитация алу үшін алдымен учаскелік дәрігерге жүгіну қажет. Дәрігер науқасты қажетті жағдайда реабилитолог немесе арнайы мамандар тобына бағыттайды. Осылайша әр пациентке жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win