Редакция таңдауы

Мәңгілік елдің мызғымас тұғыры

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – барша халықтың игілігі үшін қызмет ететін еліміздің ең басты құжаты қабылданған күн. 1995 жылдың дәл осы күні бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданып, Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негізі қаланды. Ата Заңымыз мемлекеттілігіміздің қалыптасуы мен дамуы жолындағы тарихи белеске айналды.

Конституция – тек заңдар жинағы емес, ол – мемлекет пен халық арасындағы қарым-қатынасты реттеп, қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін құжат. Онда еліміздің саяси құрылысы, билік тармақтарының қызметі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ, олардың міндеттері айқын жазылған. Ата Заңымыздың әрбір бабы – ел бірлігін, тұрақтылықты, татулықты сақтау үшін бағытталған. Ол – барлық этнос өкілдерін тең құқықпен қамтамасыз етіп, бейбіт өмір мен өзара түсіністікті нығайтатын құжат.

1995 жылдың жазында Қазақстан халқы болашақ тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасады. Конституцияны қабылдау – жас мемлекет үшін саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін, экономикалық реформаларды жүргізуге жол ашатын, халықаралық аренада беделімізді арттыратын маңызды қадам болды.

Осы күннен бастап Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті.

Ата Заңымыз уақыт сынынан өтіп, жылдар бойы еліміздің дамуы мен жаңаруына берік негіз болып келеді. Құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, адам құқығы мен бостандығын қорғау – Конституцияның басты миссиясы.

30 тамыз – тек тарихи дата емес, әр қазақстандықтың заңға құрметін арттыратын, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштікті нығайтатын күн. Ата Заңымызды ардақтап, Тәуелсіздігімізді нығайтып, келер ұрпаққа жарқын болашақ қалдыру – бәріміздің ортақ парызымыз.

Осы мерейлі мерекеде Шымкент қаласының тұрғындарына зор денсаулық, отбасыларына бақ-береке, еңбектеріне табыс тілейміз. Егемен еліміздің айбыны асқақтап, әр күніміз бейбіт те берекелі болсын!

Шымкент қалалық музейлер бірлестігі
«Ерлік» музейі бөлімінің  қызметкерлері

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win