Редакция таңдауы

Мамандық таңдау – маңызды іс

Оқушыларға мамандық және оқу бағдарын таңдауға көмектесу мақсатында ОБКЖ-нің №1 кітапхана бөлімшесінде «Білікті маман болғың келе ме?» атты кездесу өтті. 

Жиынға «Мирас» колледжі мекемесінен бөлім меңгерушісі Алтынай Таубаева, әдіскер Айжамал Көмек, «Энергетика және байланыс» колледжінен өндірістік оқыту шебері Гүлжан Нұрбаева келіп, №4 мектептің 9 сынып оқушыларымен кездесті.

Оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, мамандардың тұщымды жауаптарын тыңдады. Іс-шара барысында «Психогеометрия» геометриялық фигураларды таңдау ойыны ойнатылды. Сондай-ақ, оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылып, шара соңында кітапханашы «Мамандық таңдау–жаңа өмір бастауы» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Жиын соңында оқушылар болашақта қандай мамандық иесі болатынын, ол мамандыққа не себептен қызығушылығы пайда болғанын тарқата айтып, еркін пікір алмасты.

С.МЫРЗА,
Орталықтандырылған балалар
кітапханалар жүйесінің №1 кітапхана бөлімшесі

Соңғы жаңалықтар