Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сарапшылардың айтуынша, біраз жылдан соң солтүстіктегі халықтың саны едәуір азайып, оңтүстіктегі тұрғындар әлдеқайда көбеюі мүмкін. Бұл – өте өзекті мәселе. Себебі аймақтардың еңбек нарығында теңсіздік одан әрі ушыға түседі деген сөз. Осы мәселемен Үкімет мұқият айналысуы керек» деп атап өтті.
Еліміздің солтүстік бөлігіне жастарды оқуға тартып, еңбек нарығына қажетті білікті кадрлар даярлап, олардың осы өңірлерге сіңісіп кетуінде «Серпін» бағдарламасы маңызды рөл атқарады. Бұл бағдарламаның мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.
Осы орайда, Шымкент қаласының мектеп бітіруші түлектері мен олардың ата-аналарына Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде оқудың артықшылықтары жайлы мағлұмат бергіміз келеді.
Құрметті мектеп түлектері! Аздаған уақыттардан кейін өміріңіздегі ең маңызды кезеңдерге қадам басқалы отырсыз. Алдағы ҰБТ-ға сәттілік тілей отыра, Сізді дұрыс таңдау жасауға шақырамын!
Болашағыңызға бағытталған сенімді қадам – сапалы білім беретін университетті таңдаудан басталады. Біздің университет – тек бүгінгі емес, болашақтың білім мен ғылымын дамытумен айналысатын оқу ордасы.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті аймақтағы жалғыз көпсалалы оқу ордасы. Бізде мемлекеттік грант негізінде және «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін – 2050» бағдарламасының гранты арқылы тегін оқуға болады. Сондай-ақ, Аризона (АҚШ) универстетінің қосдипломды бағдарламасы іске асырлуда. Сондай-ақ, педагогикалық және техникалық атаулы гранттар да бар.
• Университеттің перспективалары:
2022жылдан бастап Университетіміз Аризона университетімен (АҚШ) стратегиялық серіктестік байланыс орнатты. Соның нәтижесінде студенттер қос дипломдық бағдарламаларға қатысудың бірегей мүмкіндігіне ие болады. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар, биотехнология және арнайы білім беру бағыттары бойынша қосдипломдық бағдарлама енгізілді. Бұл бағытта сабақ тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Студенттер Аризона университетінің электрондық білім беру ресурстарын пайдаланып, сол университеттің оқытушы-профессорларынан дәріс алады.
• Үздік оқытушылар құрамы: Университетімізде тәжірибелі профессорлар мен практик мамандар жұмыс істейді, олар сізге сапалы білім мен тәжірибе береді.
• Заманауи инфрақұрылым: Заман талабына сай жаңа кампустар, жатақханалар, аудиториялар, кітапханалар, зертханалармен қамтамасыз етілген.
• Қолайлы оқу және тұрмыстық жағдайлар: Университетіміз студенттерге сапалы білім алу үшін барлық жағдайды жасайды. Заманауи оқу ғимараттары, зертханалар, жатақханалар және түрлі әлеуметтік мүмкіндіктер сіздің оқу процесіңізді ыңғайлы етеді.
Сіздің болашағыңыз осы жерден басталады: Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті!
Мекен-жайымыз:
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
М.Жұмабаев көшесі №114
Бізбен байланыс: https://ku.edu.kz
Қабылдау және рекрутинг кеңсесі: +7 (7152) 493037. +7 (7152) 493343
«Серпін» бағдарламасы бойынша сұрақтар:
+ 7776 113 50 11,
+ 7 775 182 33 74.
Ербол ИСАҚАЕВ,
Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан универсиеті
басқарма төрағасы – ректор