Редакция таңдауы

Маңызды шешімдер айтылды


Бүгін Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай Қазақстан қоғамы үшін айрықша маңызға ие қоғамдық-саяси іс-шара болды. Құрылтай барысында ел дамуының стратегиялық бағыттарына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, мемлекеттік және қоғамдық институттарды жетілдіруге бағытталған маңызды бастамалар көтерілді.

Соның ішінде бір палаталы Парламент құру, оны Құрылтай деп атау өте дұрыс шешім деп ойлаймыз. Бұл қадам заң шығару үдерісін оңтайландырып, шешім қабылдаудың жеделдігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Бір палаталы Парламент моделі халықтың үнін тікелей жеткізуге, депутаттардың жауапкершілігін күшейтуге және заңдардың сапасын арттыруға қызмет етеді деп сенеміз.

Қала ардагерлері аталған бастамалар елдің ұзақ мерзімді дамуына және тәуелсіздігіміздің нығаюына оң ықпал етеді деп есептейді.
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі үшін ел бірлігі, тұрақтылық пен қоғамдық келісім — мемлекеттіліктің басты құндылықтары болып қала береді. Құрылтайда айтылған бастамалар осы қағидаттарды сақтай отырып, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуға қызмет етеді деп сенеміз.
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінде Құрылтайда айтылған маңызды шешімдер бойынша арнайы басқосу өткіземіз. Қала ардагерлері, зиялы қауым өкілдері жиылып, өз пікірлерін білдірмек.

Кенжехан ТӨЛЕБАЕВ, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win