Редакция таңдауы

Медиацияның мақсаты – адамдарды өзара келісімге келтіру

Қазіргі қоғамда, әсіресе еліміздің құқықтық жүйе­сінің үздік­сіз дамуы жағдайында медиацияның маңыз­­­ды­лығы артып келеді. Даулы мәселелер мен ұрыс-керісті ше­шу­­дің бұл әдісі сот және мемлекеттік органдарға түсе­тін сал­мақты азайту үшін ғана емес, қоғамдық келісім мен құқықтық мәдениетті нығайту үшін де маңызды.

Сарапшылардың пікірінше, медиация дауласушы тараптарға құпиялылық пен сыйластық жағдайында өзара қолайлы шешім табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мамандар дәстүрлі сот ісімен салыстырғанда тұрақты әрі ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізуге болатынын алға тартады. Медиацияның негізгі артықшылықтары ретінде экономикалық тиімділік, құпиялылық, тараптардың ерікті қатысуы және өзара қолайлы шешімдерге қол жеткізу мүмкіндігін атап көрсеткен жөн.

Осы орайда Шымкент қаласында «Құқық қорғау және татуласу орталығында» Медиация күніне арналған ашық есік күні өтті. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесінің мүшелері мен медиаторлар азаматтарға құқықтық кеңес берді.

Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесі ұйымдастырған іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда медиация мәдениетін қалыптастыру, азаматтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және дауларды шешудің баламалы тетігі ретінде медиацияның тиімділігін насихаттау.

Ашық есік күні аясында кәсіби медиаторлар қала тұрғындарына тегін кеңес беріп, даулы мәселелерді сотқа жеткізбей шешудің жолдарын түсіндірді. Тұрғындар отбасылық, еңбек, мүліктік және этносаралық сипаттағы келіспеушіліктер бойынша заңгерлік және медиативтік көмек алды.

Сонымен қатар, кеңес құрамындағы медиаторлар этномедиация ұғымын кеңінен түсіндіріп, оның бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

Шымкент қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзееваның айтуынша, жыл басынан бері Шымкент қалалық ҚХА Медиация кеңесі этнос өкілдері тығыз орналасқан шағынаудандар мен оқу орындарында ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізуде. Бұл кездесулерде азаматтарға медиацияның құқықтық негіздері, татуласу рәсімдері және этносаралық дауларды шешудегі тәжірибелер таныстырылды.

Айта кетейік, еліміздегі медиация – еріктілік, құпиялық, медиаторлардың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы қағидаттарына негізделген. Бұл қағидаттар БҰҰ-ның Халықаралық коммерциялық келісім туралы үлгі заңының ережелеріне сәйкес келеді. «Медиация туралы» заң: азаматтық, еңбек, корпоративтік және коммерциялық дауларға, сондай-ақ ауырлығы жеңіл және орташа қылмыстық істерге қолданылуын кеңейтеді.

Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win