Редакция таңдауы

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының Жолдауындағы денсаулық сақтау саласына қатысты басымдықтарды талқылау және түсіндіру мақсатында арнайы кездесу өтті. Іс-шараға қалалық медициналық ұйымдардың басшылары мен сала мамандары қатысып, соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформалардың нәтижелері жан-жақты талқыланды.

Кездесуге Шымкент қаласындағы №1 қалалық емхананың бас дәрігері Махамбет Бейсеуов пен Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Зылиха Нұртаева спикер ретінде қатысып, саладағы нақты көрсеткіштер мен өзгерістерге тоқталды.

№1 қалалық емхананың бас дәрігері Махамбет Бейсеуов өз сөзінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесі соңғы жылдары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы бес жылда бұл салаға бөлінетін қаржы көлемі тұрақты өсім көрсетіп келеді.

«2022-2023 жылдармен салыстырғанда денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы шамамен 20-30 пайызға артты. Былтыр өңірде жалпы көлемі 170 млрд теңге қаржы игерілген. Соның 143 млрд теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы республикалық деңгейде медициналық қызметтерді қаржыландыруға бағытталды»,  деді ол. Оның айтуынша, бұл қаражат мемлекеттік және жекеменшік емханаларға, стационарлық медициналық ұйымдарға, сондай-ақ консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін мекемелерге ай сайын нақты көрсетілген қызмет көлеміне сәйкес толық әрі уақытылы төленіп отыр. Сонымен қатар былтыр жыл басында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 128 млрд теңге жоспарланғанымен, нақты қажеттілікке байланысты бұл көрсеткіш 170 млрд теңгеге дейін ұлғайтылған. Қосымша қаржы профилактикалық іс-шараларға, салауатты өмір салтын насихаттауға, басқарманың шығындарына және медициналық ұйымдардың үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Спикер жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, 2025 жылы жедел жәрдем қызметіне 40 жаңа автокөлік сатып алынып, қазір станцияда 115 бригада қызмет атқарып келеді. Автопарктің жаңартылуы тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік берген.

Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасы және қала әкімдігінің қолдауымен онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған заманауи AxSys жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп отыр. Бұдан бөлек, медициналық ұйымдардың құрал-жабдықтары жаңартылып, жаңа технологиялар кезең-кезеңімен қолданысқа енгізіліп жатыр.

Кездесу барысында Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Зылиха Нұртаева да сөз сөйлеп, 2020 жылдан бастап еліміздің денсаулық сақтау саласы халықаралық стандарттарға сай жаңа даму кезеңіне өткенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл өзгерістердің негізінде азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту арқылы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсаты жатыр.

«Соңғы жылдары, әсіресе Мемлекет басшысының 14 шілдедегі Жолдауынан кейін денсаулық сақтау саласына бірқатар маңызды толықтыру енгізілді. Негізгі басымдықтардың бірі – халық денсаулығын нығайту, әсіресе, созылмалы аурулары бар азаматтарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын күшейту», – деді Зылиха Нұртаева.

Осы мақсатта аурушаңдығы жоғары 24 нозология міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізіліп, оларды емдеуге бағытталған қаржыландыру көлемі едәуір артқан. Бұл қомақты шығынды талап ететін аурулар бойынша азаматтардың сақтандырылған мәртебесін көтеру медициналық көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берген.

Қазір Шымкент қаласы тұрғындарының шамамен 85 пайызы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Бұл динамикалық бақылауда тұрған науқастарды уақытылы тексеруден өткізуге, қажетті диагностикалық зерттеулерді жүргізуге және дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуге жол ашып отыр.

Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі өз күшінде сақталған. Мемлекет тарапынан 15 санаттағы азаматтар үшін медициналық сақтандыру жарналары толық төленеді. Бұл санатқа кіретін азаматтар онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға бағытталған скринингтік және профилактикалық тексерулерден тегін өте алады.

Егер тексеру барысында ауыр немесе созылмалы ауру анықталған жағдайда, науқас диспансерлік есепке алынып, диагнозына сәйкес тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі екен. Мұндай азаматтар жылына екі-төрт рет дәрігерлік бақылаудан өтіп, учаскелік қызмет арқылы жүйелі түрде қадағаланады.

Жиын барысында айтылғандай, бүгінде барлық денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлерінің жалақысы уақытылы төленіп, коммуналдық және өзге де міндетті шығындар толық өтеліп келеді. Бұл саладағы қаржылық тұрақтылық медициналық көмектің үздіксіз әрі сапалы көрсетілуіне мүмкіндік беріп отыр.

 

Ж.ТҰРСЫНӘЛІҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win