Редакция таңдауы

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайып келеді

Шымкент қаласында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударылып отыр. Атап айтқанда, өткен 2024 жылы мемлекеттік бюджет есебінен 4 миллиард теңгеге медициналық жабдық сатып алынған.

— Бүгінде Шымкент қаласында 60 емхана жұмыс істеп тұр. Соның ішінде 14 мемлекеттік, 46 жекеменшік емхана бар. Онда 1 миллион 258  мыңнан астам адам тіркелген. Біз медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударып отырмыз. Атап айтқанда, былтыр мемлекеттік бюджет есебінен 4 миллиард теңгеге медициналық жабдық сатып алдық. Соның нәтижесінде медициналық ұйымдардың техникалық жабдықталу көрсеткіші 83,8 пайыздан 87,6 пайызға дейін көтерілді, — дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков.

Мұнан бөлек, басқарма басшысының айтуынша,  2022-2025 жылдары аралығында жаңадан 14 емхана ашылып, емханалардың орташа жүктеме 25 мыңнан 21 мыңға азайыпты.  Оған қоса былтыр 4-ші санаттағы медициналық жәрдем көрсетуге 23 дана автокөлік алынған.

Жалпы, жыл басынан бері Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Жыланбұзған елді мекенінде дәрігерлік амбулатория ашылған. Сондай-ақ, 1 130 жедел жәрдем қызметкері біліктілігін жетілдіру бойынша аттестаттаудан өтіп, арнайы семинар ұйымдастырылыпты. Осы және өзге де шаралардың нәтижесінде қалада аурушаңдық көрсеткіші төмендеп, ана мен бала өлімі азайған.

 

Т. ҚАСЫМ

Соңғы жаңалықтар