Редакция таңдауы

МЕКТЕБІМІЗ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

 Кітап – құндылық. Кітап —  ұлттың ұлылығын нұрландыра түсетін, білім мен шабыттың сарқылмас қайнары. Жазушы Ғ.Мүсірепов «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген  екен. Иә, кітап көкжиегіңді кеңейтеді, ой-парасатыңды жетілдіреді, тұлғаңды қалыптастырады, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Адамның бақытты, табысты өмір сүруіне ықпал етері анық. Оған   жетімдіктің азабын тартқан орыстың ұлы жазушысы Максим Горький «Менің ұстазым – кітап» деген екен. Өмірде қаншама жетістікке кітап оқу арқылы жетуге болатынын дәлелдеді.

Бүгінде ХХІ ғасырда кітап оқу әдеті – уақыт талабы емес,көптеген сын-қатерге жауап беретін маңызды қажеттіліктің бірі. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың III отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу» деп ерекше атап өтті. «Мұнымен өзектесіп жатқан мәселе – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, әсіресе, жастарды осыған баулуымыз керек» — деді ол.

Қазақстан Республикасының Президентінің рухани-ағартушылық пен елдің зияткерлік дамуына бағытталған стратегиясы  аясында «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру мақсаты көзделді. Бұл жобаның мақсаты Қазақстанды әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына қосу, кітап оқуды насихаттау, сыни ойлауды дамыту және кітапты білім, шабыт және зияткерлік өсудің негізгі көзі ретінде нығайту болды.

Шымкент қаласында пилоттық жоба «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын мектеп», Кітап оқитын әулет» секілді бірнеше бағытта байқау ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр. «Басты мақсатымыз – қазақстандықтардың кітап оқу деңгейін жылына кемінде 10 кітапқа жеткізу. Байқау арқылы біз оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, кітапты мектеп кезінен бастап тұрақты әдетке айналдыруды көздеп отырмыз» – деді «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қорының атқарушы директоры Аян Сақошев. Дәлірек айтқанда, жас ұрпақты кітап оқуға ынталандыру, рухани азықтандыру жолы болмақ. Бұл – өте құптарлық жоба.

Әрине, бұл жобаны жүзеге асыру үшін Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының педагогтары мен оқушылары жарыса жобаға тіркеліп,  берілген  кітаптар екі бағыт бойынша жоспар түзіліп, тізімдегі кітаптарды  қызу оқуға кірісіп кетті. Мектеп кітапханасында алғашқы қадамды  қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігің мұғалімдері бастады.  М.Жұмабаевтың «Педагогика» мен О.Карабалинаның «Ұстаз бақыты»  кітаптарын оқып,  «Кітап оқу – ұстаздың кәсіби капиталы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қай дәуірде болса бала тәрбиесі өзекті  мәселе болғандықтан осы екі кітапты оқу арқылы  тәжірибеде кездесетін келеңсіз жайттардың шешу жолдарын  меңгеріп, ұстаз еңбегінің қоғамдағы орнын айқындап, білім мен тәрбие берудің құндылықтарын талқылап, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, 10-сыныптармен «Кітап оқитын мектеп» жобасының тізімдегі кітаптары ішінен ұлы суреткер М,Әуезовтің «Қорғансыздың күні» мен қазақ классигі  Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романын оқып, «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге..» атты  талқылау (пікір алмасу)  сағаты өтілді. Білім алушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, шығарманың өзектілігін бүгінгі күнмен байланыстырып,  пікір алмасты, өміршеңдігіне көз жеткізді. Бұл іс-шаралар – «Кітап оқитын ұлт» жобасының алғашқы баспалдағы…

«Кітап оқу –  рухани кемелдену жолы»  деп мемлекет басшысы Қ.Кемелұлы айтқандай, қай дәуірде болса да , кітап   адамзаттың дамуы үшін маңызды құрал болмақ. Кітап — өткеннің үні, болашақтың шамшырағы. Өткеніміздің үнін естіп, болашағымыздың шырағын жағайық, оқырман қауым!

 

Жадыра ЖҰМАҒҰЛОВА,
Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win