Редакция таңдауы

«Мектепке жол» акциясы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

Шымкент қаласындағы орталық мешіт пен қалалық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық іс-шара барысында қаланың бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы сөз сөйлеп, көмекке зәру 500 оқушыға мектепке қажетті құралдар табыс етті.

Қайырымдылық акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету. Акция барысында балалар мектеп формасы мен сөмке, дәптер, қалам, т.б. заттармен қамтылды.

Осы орайда, бір айға созылған «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы қала деңгейінде жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің мәліметінше, іс-шараның қорытындысы бойынша қала көлемінде 3600 отбасыға құны 7 805 100 теңге көлемінде көмек көрсетіледі.

Т.ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win