Елімізде 23 маусымда Мемлекеттік қызметші күні атап өтіледі. Ол 2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызметші күні етіп белгілеп, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттерді осындай күнді өздерінде құруға шақырғанына байланысты құрылды.
2013 жылғы желтоқсанда сол кезеңде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев республикадағы кәсіби мерекелер тізіміне толықтырулар енгізу туралы тиісті Жарлыққа қол қойды. Сонымен, 2014 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Мемлекеттік қызметші күнін атап өте бастады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді. Өйткені, олар қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекет саясатының дирижері болып табылады. Елдегі мемлекеттік қызметкерлердің рөлі зор. Көбіне мемлекеттік қызметшілердің жұмысы азаматтардың қажеттіліктерін мемлекет заңдарда анықтаған құқықтық кеңістік шеңберінде қанағаттандыруға бағытталған.
Сондықтан кәсіби емес жұмыс немесе жекелеген мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің өз жұмысына жауапсыз қарауы жалпы мемлекеттік қызметке деген сенімділікті айтарлықтай төмендетеді.
Әр мемлекет өз қызметкерлерінің жұмысын өзінше ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметтің жұмыс істеу принциптері кейбір жағынан әр елдерде ұқсас.
Бүгінгі таңда Қазақстанда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң бар, ол оның қалыптасу және қызметке қабылдау принциптерін, жұмыс істеуін, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін реттейді. Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің негізгі басымдықтарына ашықтық, жеделдік, халықтың қажеттіліктеріне бағдарлану жатады.
Кадрларды даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға, мемлекеттік қызметшілер лауазымына кандидаттарды мұқият іріктеуге ерекше назар аударылады. Осы мәселелерді шешу үшін мемлекеттік қызмет мамандарын даярлау және біліктілікті арттыру орталықтары құрылды. Мемлекеттік қызметтің жеке қызметкерлері үшін шетелде тағылымдамалар ұйымдастырылады, олар басқа елдердегі осындай құрылымдардың үздік тәжірибелерімен танысады.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізіліп, тәртіптік бақылау күшейтілді. Мемлекеттік қызмет өкілдерінің азаматтардың жұмысына және үндеулеріне қатынасын реттейтін мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексі жасалды және қолданыста. Бұл шаралардың барлығы мемлекеттік қызметшінің азаматтар тұлғасындағы беделін арттыруға бағытталған.
Қазақстанда мемлекеттік қызметші күні мемлекеттік қызметке қабылданған мемлекеттік қызметшілер үшін ант қабылдау рәсімдері, 15 жыл ішінде мінсіз қызмет еткені үшін төсбелгілерді табыстау ұйымдастырылады. Елімізде үздік мемлекеттік қызметші атағы үшін конкурстар, мемлекеттік қызмет органдарының жыл бойғы жұмысын жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдары арасында конкурстар ұйымдастырылады және өткізіледі.
Мемлекеттік қызметші – қоғам мен билік арасындағы дәнекер. «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, халықпен жұмыс істеу үшін жағымды мінез-құлық керек. Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Ұстаным бойынша мемлекеттік қызметкердің мінезі кішіпейіл, қарапайым, көпшілікпен тіл табысқыш жұғымды, ұстамды, сабырлы болуы керек. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болу – парызымыз. Мемлекеттік қызмет – қоғам айнасы. Мемлекеттік қызметшінің халыққа жақын болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, өзекті мәселені шешу – біздің басты парызымыз.
М.АКИШЕВ,
Шымкент қаласы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі