Редакция таңдауы

Мемлекеттік тіл – бірлік пен татулық кепілі

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухы мен тарихының айнасы. Тіл бар жерде ел бар, рух бар, мәңгілік болашақ бар. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Мемлекеттік тіл – еліміздің бірегейлігін айқындайтын басты белгі» деген ұстанымы баршамыздың болашағымызға жол көрсетіп отыр.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ел ішіндегі татулық пен бірліктің де алтын арқауы. Шымкент – көпұлтты, көпконфессиялы қала. Мұнда жүзден астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Осы ұлттардың барлығын біріктіріп, өзара түсіністік пен сыйластыққа бастайтын да – мемлекеттік тіл. Қазақ тілін білу – ол тек қазаққа құрмет емес, ол – Қазақстанға, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың көрінісі.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі осы бағытта біршама тірлік атқарып келеді. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім мен тілге деген құрметті сіңіру мақсатында,  жыл басынан бері  40-қа жуық іс-шара ұйымдастырып, жалпы он бес мыңға жуық адам қамтылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында мемлекеттік тілді дамыту және этностар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

«Достық» үйінде Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» мен «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастырған «Мәміле» клубы тұрақты жұмыс істейді. Клубтың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қазақ тілін этносаралық қатынас тіліне айналдыру. Құрамында елуге жуық этнос жастары бар клуб аясында түрлі пікірталастар, танымдық және мәдени іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, «Жүректен – жүрекке» атты поэзия кеші, «Мемлекеттік тіл – халықтар достығының дәнекері», «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты байқаулар ұйымдастырылып жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, этностар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған.

Бүгінде «Достық үйінде» этнос өкілдеріне арналған қазақ тілін тегін оқыту курстары жүйелі түрде ұйымдастырылып, қатысушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруге жағдай жасалған.

Бұл – қазақ тілінің беделі мен қолданыс аясын кеңейтуге деген нақты қадам. Әрбір қазақстандық азамат мемлекеттік тілді үйренуді өз парызы деп түсінуі қажет. Тіл – бізді бөлетін емес, біріктіретін күш. Мемлекеттік тілдің дамуы – елдің дамуы. Тілге деген құрмет – елге деген құрмет. Сондықтан да біз, аналар, жас ұрпақтың бойына осы қасиетті сезімді сіңіруге, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуға әрқашан атсалысамыз.

Бірлік пен татулықтың бастауы – ортақ тілде. Ендеше, баршамыз туған тілімізді ардақтап, оның мерейін үстем етейік. Өйткені мемлекеттік тіл – біздің рухани байлығымыз, елдігіміздің айнасы және мәңгілік бірлігіміздің кепілі.

Әрине, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу – тек мемлекеттік органдардың немесе білім беру мекемелерінің міндеті емес, барша қазақстандықтардың ортақ борышы. Әр отбасыда, әр ұжымда, әр ортада қазақ тілінің қолданысын кеңейту – ұлттың болашағына қосқан үлес болмақ. Бүгінгі таңда жастардың тілге деген қызығушылығы артып келеді, бұл – қуанарлық жайт. Әлеуметтік желілерде, түрлі мәдени жобаларда, шығармашылық бағыттарда қазақ тілінде сөйлеп, ой бөлісіп жүрген жас буын – тілдің тірегі.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің дамуы экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардың да өркендеуіне ықпал етеді. Өйткені бір тілде сөйлейтін халықтың ойы ортақ, мақсаты айқын болады. Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін ұрпақ – өз елінің тағдырына жауапты, рухы биік азамат. Сол себепті қазақ тілін үйрену мен дамытуға бағытталған бастамаларды әрбір азамат қолдауы тиіс. Біздің ортақ міндетіміз – қазақ тілін өмірдің барлық саласында қолдана отырып, оның беделін арттыру. Мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындарда, білім мен ғылымда, мәдениет пен ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің толыққанды қолданысын қамтамасыз ету – уақыт талабы. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі болашақта еліміздің бірлігі мен тұрақтылығының мызғымас тірегіне айналары сөзсіз.

Сондықтан да әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтеуді өзінен бастауы керек: қазақ тілінде сөйлеп, ана тіліміздің қадірін ұғындыру – ең үлкен патриоттық іс. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ұмытпайық.

Мемлекеттік тілдің мерейі үстем, қолданылу аясы кең болған жерде ғана халықтың рухы асқақтап, елдің еңсесі биік болмақ.

Гүлжан СҮГІРБАЕВА,
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы
жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win