Редакция таңдауы

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕДЕ ЕЛ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Қыран елім — Қазақстаным» атты мерекелік салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және қала тұрғындары қатысты.

Бұл айтулы мереке — ел тәуелсіздігі мен бірлігін ұлықтайтын, халықтың жүрегінде отансүйгіштік рухты асқақтататын ерекше күн болды. Салтанатты кеште қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік және салалық марапаттарды табыс етіп, барша қала тұрғынын Ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтады.

Қала басшысы өз құттықтау сөзінде Республика күнінің тарихи маңыздылығын атап өтіп, еліміздің дамуы жолындағы еңбек пен бірліктің рөлін айрықша бағалады.

«Баршаңызды Ұлттық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мемлекетіміздің іргетасы қаланған, тәуелсіз Қазақстанның болашақ бағыты айқындалған айтулы мереке. Біз Республика күнімен қатар, Мемлекетіміздің егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде саяси және экономикалық жаңару кезеңі жүріп жатыр», деді шаһар басшысы.

Ғабит Сыздықбеков өз сөзінде еңбек адамы мен жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін арттырудың маңыздылығына тоқталып, Мемлекет басшысының ел дамуының жаңа бағытын айқындаған бастамаларына назар аударды.

«Биыл Еңбек адамы мен жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Себебі еңбек адамы ел дамуының тірегі екені сөзсіз. Экономиканың құрылымын жаңарту, инновациялық және цифрлық технологияларды дамыту — болашақтың кепілі. Бұл бағытта Шымкент қаласы да заман талабына сай дамып, білім мен инновация орталығына айналып келеді», деді қала әкімі.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Шымкент экономикасы айтарлықтай серпін алып, өндіріс, құрылыс және әлеуметтік салаларда нақты нәтижелерге қол жеткізген.

«Шаһарымыз заманауи инфрақұрылымы бар, экономикасы өркендеген, жастарға жол ашқан жасампаз қалаға айналды. Мыңдаған жұмысшы, ұстаз, дәрігер, инженер мен кәсіпкер ел игілігі үшін тер төгіп келеді. Олардың әрқайсысының еңбегі қаламыздың шырайын кіргізіп, еліміздің экономикалық қуатын арттыруда. Соңғы үш жылда қалаға 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылып, өндіріс пен құрылыс саласы айтарлықтай ілгеріледі. 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаланың бюджеті алғаш рет 895 миллиард теңгеге жетіп, оның 50 пайызы әлеуметтік саланы қолдауға бағытталды. Себебі халық атқарылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижесін көруге тиіс», деді әкім өз сөзінде.

Салтанатты іс-шарада ел игілігі үшін тер төгіп жүрген азаматтардың еңбегі лайықты бағаланды. Кеш барысында «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапаттар табыс етілді. Бұдан бөлек, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Мемлекеттік қызмет ардагері» төс белгісіне ие болғандар мен Президенттің Құрмет грамотасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі иелеріне де құрмет көрсетілді.

Әкім өз сөзін ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша тұрғынға ризашылығын білдіре отырып, әр отбасыға амандық, татулық пен бақ-береке тіледі.

«Біздің ортақ міндетіміз — Отанымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін аянбай еңбек ету. Басты мұратымыз да сол, халықтың өмір сапасын жақсарту. Республика күні әрбір азаматтың туған еліне деген сүйіспеншілігін, Отан алдындағы жауапкершілігін сезінетін ерекше күн. Егемендік — халқымыздың асыл құндылығы және ұлы мұрасы. Баршаңызды Республика күнімен құттықтай отырып, әр отбасыға амандық, татулық және мол бақыт тілеймін. Мереке құтты болсын!» деді Ғабит Сыздықбеков өз сөзін қорытындылай келе.

Мерекелік кештің соңы рухты әндер мен отансүйгіштікке толы композициялармен жалғасып, қатысушылар ел тәуелсіздігін ұлықтаған жарқын мерекелік көңіл күйде тарқасты.

 

Жадыра МҮСІЛІМ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win