Редакция таңдауы

Момынов көшесіндегі жаңа өткелдің құрылысымен танысты

Шымкентте Момынов көшесіндегі жаңа өткелдің құрылыс жұмыстары 90 пайызға бітті. Таяу күндері темір жолдың үстінен түскен жаңа көпірмен автокөліктердің жүруіне рұқсат беріледі.
Құрылыс барысымен танысуға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, сала мамандары, жол құрылысын жүргізген мердігер компания өкілдері қатысты. Мегаполис басшысы заманауи әрі қауіпсіз көлік инфрақұрылымын дамыту қала әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында көлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Қазіргі таңда мегаполисте қала әкімінің тапсырмасымен кешенді бағдарлама қарқынды жүзеге асырылуда.

Жоба жолдарды салу және кеңейту, аялдама кешендері мен көше жарықтандыру жүйесін жаңартуды қамтиды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қаладағы аудандардың өзара байланысын жақсарту және орталық көшелердегі қозғалысты оңтайландыру арқылы көлік жүктемесін азайту.

Осыған байланысты 2024 жылдың желтоқсан айында Момынов және Тленшин көшелерінде теміржолдың үстінен автокөлік өткелін салу жұмысы басталған болатын.
Жаңа нысан қаланың шығыс бөлігін орталық аудандармен байланыстырады. Ол теміржол желісінен қауіпсіз өтуді қамтамасыз етіп қана қоймай, көлік инфрақұрылымын арттырып, жолға кететін уақытты қысқартады.
Қазіргі уақытта өткелге іргелес аумақта абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Яғни жаяу жүргінші жолақтары салынып, көгалдандыру, көше шамдарын орнату жүзеге асады.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win