Редакция таңдауы

Нұрлы бейнең есте қалар мәңгілік…

Адам мәңгі жүрмейді бұл жалғанда,
Көнеміз ғой тағдырдың салғанына.
Көзімізге еріксіз жас келеді,
Ботакөз Тілектесқызын еске алғанда!

Ардақты ана, немерелерінің сүйікті әжесі, бауырларының жанашыры,  адал дос,  өршіл рухты әріптес, колледжіміздің талай жылдар бойы білікті бөлім меңгерушісі  болған  Ботакөз Тілектесқызы айықпас дерттен   бұл жалған дүниемен қоштасып кете барды…

Ботакөз Тілектесқызының қазасы артында қалған қалың елді мұңға бөлеп, бел қайыстырған ауыр қаза болды. Қас пен көздің арасында бәрімізді күйзелтіп, ел-жұртын егілтіп көз жұмды.

Марқұмды еске алып артқа көз жүгіртсек, 1965 жылдың  9-шы қыркүйегінде  Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген Ботакөз Тілектесқызы Қазығұрт орта мектебін аяқтап, 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1990 жылы педиатр-дәрігер мамандығын алып шықты.

Сан жылдар бойы  оңтүстік өңірінде денсаулық сақтау жүйесінің нәтижелі дамуына, кадрлық ресурстарының құрамы ретінде орта медицина қызметкерлерінің  дайындық сапасы  мен кәсіби деңгейін көтерудің өзекті мәселелерін шешуде  орасан зор  еңбек сіңірді.

Медицина саласында талай маңдай терін төгіп, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен  және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Аянбай еңбек етіп, билік тізгінін ұстап абырой-беделге ие болған, елін сүйген, елі сүйген тұлғаның қазасы бір отбасының не бір  әулеттің  емес,  тұтас  елдің азасы болды.

Бұл қазаны да халық осылай қабылдады. Жүрегімен жылап қоштасты.

Амал нешік. Алланың  ісіне не шара?!   Марқұмның жаны жаннатта, орны жұмақта, топырағы торқа болсын!  Марқұмның отбасына, анасы мен бауырларына  қайғырып көңіл айтамыз.

Сүрмеген жасын, көрмеген қызығын артында қалған ұрпақтарына көруді Алла нәсіп етсін. Ботакөз Тілектесқызының нұрлы бейнесі  жадымызда мәңгілік сақталады.

 

«Шымкент жоғары медицина колледжі»
МКК  әкімшілігі мен
ұжымы

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win