Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесін пайдалану арқылы 2025 жылдың онлайн бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша Шымкент қаласы білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аудитпен қамтылған жалпы сомасы 921,7 мың теңгені құрады.
Аудит нәтижесінде Еңбек кодексінің, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 393 бұйрығының талаптары сақталмай, қызметкерге нақты кезеңге жұмыс атқармағанына қарамастан артық төленген 632,8 мың теңге қаржылық бұзушылық анықталған, яғни тәуекелдер расталды.
Департаментпен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес қабылданған ден қою шаралары нәтижесімен, мекемеде негізсіз төленген 632,8 мың теңге бюджетке толық өндірілді.
Сондай ақ, Департамент тарапынан алдын-алу шараларын іске асыру аясында Тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесінде онлайн бюджеттік мониторинг жалғасуда.
Шымкент қаласы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаменті
жоспарлау, талдау, есептілік және
сапаны бақылау бөлімінің
бас маманы-мемлекеттік аудиторы
Перменова Л.А.
