Редакция таңдауы

«Ордабасы» футбол клубының замануи оқу-жаттығу базасы ашылды


Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Бадам су қоймасының маңынан «Ордабасы» футбол клубының замануи оқу-жаттығу өткізетін көпфункционалды спорттық базасы ашылды. Іс-шарада қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа нысанның материалдық-техникалық базасымен танысып, жаттықтырушылармен, спортшылармен кездесті.

Қала әкімі жаңа спорт нысанының бұқаралық және кәсіби спортты дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтіп, халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлаудағы заманауи инфрақұрылым құрудың маңыздылығына тоқталды.
Жалпы аумағы 6 мың шаршы метрден асатын жаңа спорт базасында табиғи және жасанды футбол алаңдары, екі жаттығу залы, эллингтер, байдарка және каноэ секцияларына арналған жайлар, сондай-ақ, медициналық пункт бар. Кешен аумағында қонақ үй де жұмыс істейді.

Аумақты абаттандыру аясында ауқымды жұмыс атқарылды. Жаңа футбол алаңдары салынып, жолдарына асфальт төселді. «Бадам» су қоймасының жағалауы нығайтылып, инженерлік желілер мен ғимараттардың бөлмелері жаңартылған.
Жаңа нысанда спортшыларды республикалық және халықаралық жарыстарға даярлау үшін барлық заманауи мүмкіндіктер жасалған.

Жаңа спорт базасы қаладағы спорт инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі. Сонымен қатар, жаңа нысан жас спортшыларды өз кәсіби шеберлігін дамытатын, таланттарды шығаратын маңызды алаң болмақ.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win