Редакция таңдауы

Отаншылдық тәрбие мектеп қабырғасынан басталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда өскелең жас ұрпаққа отаншылдық тәлім-тәрбие берудің жауапкершілігін нақтылай келе «Отаншылдық, бұл жай ұран емес, отаншылдық дегеніміз – қасиетті сезім, мұның әсіреұлтшылдыққа еш қатысы жоқ. Қазақстанда біз отаншылдық ұғымына жауапкершілік және жасампаздық тұрғысынан қарауымыз керек, яғни отаншыл азамат ең алдымен жауапкершілігі жоғары және жасампаз азамат болуға тиіс. Отанға деген сүйіспеншілік – саяси ұпай жинау немесе қызметтік мансап жасау емес, бұл – Отаныңа жақсылық жасау, еліңе пайда әкелу деген сөз», – деді.

Құрылтайда айтылған мәселелер бойынша білім саласы мамандарымен өткен кездесуде Шымкент қаласының әкімі Сәрсен Құранбек те балалар мен жасөспірімдер тәрбиесінде мұғалімдердің атқарар рөлі үлкен екенін айтты. Бұл орайда қоғам қайраткерлерімен, еңбек жолында талай белесті бағындырған ардагерлермен мектеп оқушыларының кездесуі, аға буын өкілдерінің өмір тарихымен танысуы тәлім-тәрибелік мәні зор іс-шара екенін де ескерткен болатын.
Мақсат – мұраты сапалы білім беріп қана қоймай Отанымыздың нағыз мемлекетшіл азаматын тәрбиелеуді басты назарда ұстайтын Шымкенттегі «Farabi international school» мектебінің алғашқы әскери технологиялық дайындық пәні мұғалімі, запастағы гвардия подполковнигі Жамбыл Мамырәлінің ұйымдастырумен жақында білім ұясында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті ардагері, генерал-майор Ақжігіт Исабековпен кездесу өтті.

Қадірлі қонақты ұжым алдымен білім ұясының мүмкіндіктерімен таныстырды. Қазақ және ағылшын тілдерінде білім беретін Farabi International School мектебі 0-11 сыныптарға арналған толық күндік білім мен тәрбие беруімен де ерекшеленеді. Білім берудегі заманауи әдістемелер –AP — Advanced Placement Business, MBA kids/Adults, Carnegie Learning және PLTW ғылымдарын тереңдетіп оқыту жолға қойылған.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін Сингапур математикасы, 6-сыныптан бастап екінші шет тілі ретінде француз, қытай, испан және неміс тілдерін таңдау арқылы полиңгівальді білім беру де бұл мектептің ерекшіліктерінің бірі.
Материалдық-техникалық базасы өте жоғары жарақталған білім ордасында зерттеу дағдыларын және критикалық ойлауды дамыту, IELTS, ЕНТ және SAT-қа дайындық, ақпараттық-бағдарламалау, робототехника сияқты қосымша сабақтар бар.
«Біз балаларға тек пәндерді тереңдетіп оқыту мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар критикалық ойлау, көшбасшылық қасиеттері мен болашақ дағдыларын дамытуға мүмкіндік береміз. Мектебіміздің басты ұстанымы — үйлесімді даму концепциясы. Академиялық жетістіктер спорт, шығармашылық және рухани өсуімен үйлесім тапқан. Балалар ғылым, өнер, кәсіпкерлік және спорт салаларында өз әлеуетін ашуға мүмкіндік алады» дейді мектеп директорының орынбасары Салтанат Ақынова.
Кездесуге келген генерал-майор А.Исабеков мектепте өзі білім алған кезең мен бүгінгі мүмкіндіктерді саралап, оқушыларға мемлекет тарапынан жасалып отырған мол мүмкіндіктің қадірін білуді айта келе, сапалы білімді тиімді пайдалануға кеңес берді.
–Сіздер үшін елімізде барлық мүмкіндік жасалған. Еліміз бен шетелдердегі ең беделді деген жоғары оқу орындарында білімдеріңізді жалғастыру да бүгінгі таңда қиын емес. Тек жақсы оқысаңыздар болғаны. Ұстаздардың да біліктілігі жоғары екеніне сенімдімін. Ең бастысы сол білімді еліміздің дамуы мен өркендеуіне жұмсауды ұмытпаңыздар. Қай елде, қай жерде жүрсеңіздер де болашақтарыңызды өз Отандарыңыз –Қазақстанмен байланыстыруға дайын тұрыңыздар,- деді Ақжігіт Қалтайұлы.
Бұдан кейін генерал-майор өз өмір жолынан сыр шертті. Қарапайым отбасында туып-өсіп, Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген соң еңбек жолын Семей қаласындағы цемент зауытының «Помол» цехында смена мастері болып бастаған А.Исабеков 1979 жылы мемлекеттік қауіпсіздік органдарына қалай келгенін де тәппіштеп оқушыларға баяндап берді.
Әр жылдары әскери қарсы барлау бөлімінде, ҚР ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасында қарсы барлау бөлімінің бастығы, Қарсы барлау Бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары, департамент бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған А.Исабеков мектеп оқушыларына қай кезде де ұлттық мүддені жоғары қоюды, Отанға адал қызмет атқаруды насихат етті.
Ол 2000 – 2001 жылдары ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департамент бастығы, 2001 жылдың желтоқсан айынан ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департамент бастығы болды.
– Президентіміз «Отаншыл болу – туған еліңнің, отбасыңның игілігі үшін аянбай еңбек ету деген сөз» дегенді жиі айтады. Отаншылдық ұсақ-түйек әрекеттен басталады. Өз бойымызды жаман әдеттерден таза ұсту, киіміміз бен ауламызды жинақы етіп отыру, ағаш егіп, қоршаған ортаны қорғай білу, заң мен тәртіпке бағыну, осының бәрі де отаншылдыққа жатады. Үлкенге –құрмет, кішіге ізетті болуы ұмытпаңдар,- деген Ақжігіт Қалтайұлымен кездесу соңында оқушылар естелікке суретке түсуге асықты. «Әсерлі әңгімеңіз, өнегелі өсиетіңіз үшін көп рақмет сізге» дескен жасөспірімдер бұл кездесуден мол әсер алғандарын жеткізді. Өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқушылар қадірлі қонақтың әсіресе әскери қызмет, ұлттық қауіпсіздік комитеті сапында қызмет атқарудың мүмкіндіктері турыла тұщымды жауап алды.
Кеңес заманында мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде, одан соң Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінде мінсіз қызмет атқарған ардагердің жастарға айтары аз емес. «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», 3-дәрежелі «КСРО ҚК мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған Ақжігіт Исабеков ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері ретінде жас ұрпақтың бой түзеп, өнеге алуына әбден-ақ лайықты тұлға.

Негізгі тәрбиелік концепциясы ұлттық мәдениеттің және халықаралық тәжірибенің интеграциясы – өзінің шыққан тегімен мақтанатын жеке тұлғаларды тәрбиелеуді көздейтін «Farabi international school» мектебінің мүмкіндіктері көп. Сондықтанда мектеп ұжымы Ақжігіт Исабеков сынды ардагерлерді жиі кездесуге шықырып, оқушылармен тәрбие сағаттарын ұйымдастыруда белсенділік танытады.
Еліміздің нағыз патриот азаматтарын тәрбиелеуде мектеп ұжымы аянып қалмасы анық.

Ж.ШАЛАБАЕВА

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win