Редакция таңдауы

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Президенттік жастар кадр резервіне» кезекті іріктеудің басталуы тақырыбында баспасөз брифингі өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қанат Қадырбеков жастар кадр резервіне іріктеудің биылғы ерекшеліктері, шарттары жөнінде жан-жақты баяндап берді.

Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 маусымнан бастап 30 маусымға дейін жүргізіледі. Департамент басшысының айтуынша, биылғы іріктеу 6 бағытты – инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам салаларын қамтиды. Іріктеу жалпы 7 кезең бойынша өткізіледі.

Биылғы іріктеудің басты ерекшелігі – әр салалық бағыт бойынша квоталар қарастырылып, іріктеу сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізіледі. Құжаттар электронды форматта қабылданады. Ұлттық комиссия отырысы қазан айына жоспарланып отыр.

Айта кетсек, жоба 2019 жылдан бастап іске асырылып, жастар арасында әлеуметтик лифт ретінде тиімділігін көрсеткен.

Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар