Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шымкент қаласы бойынша департаментінің 06.11.2025 жылғы №ЖТ-Ж-256-шы хатымен келген Б.Жолдасбековичтің 03.11.02025 жылғы арызы сәйкес, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Концерттік-көрме орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 2023-2024-2025 жылдың өткен кезеңінде қызмет атқарған алты маманға бюджеттен төленген айлық жалақыларының дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығымен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының 228-тармағының 6) тармақшасының талаптары мен Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы №414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 103-бабының 1-тармағында «жұмыскерге жұмыс уақытының есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді» деген талабы 7 450,4 мың теңгеге сақталмаған қаржы бұзушылыққа жол берілген.
Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік
аудит департаментінің бас маманы:
М.Тилесов
