Редакция таңдауы

ҚАЛА ӘКІМІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында жылыту маусымына дайындық пен әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын тексерді.

Алдымен қала басшысы Шымкент Сити шағын ауданындағы орталық қазандықтың дайындығын қарады. Алты су жылыту қазандығымен жабдықталған нысан 2019 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде ол көп қабатты  41 тұрғын үй мен бір әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Әкім жауапты мамандарға жылу беруді үздіксіз ұйымдастырып, техникалық қызмет көрсету кестесін қатаң сақтауды тапсырды.

Бұдан соң Ғабит Сыздықбеков Жайлау шағын ауданындағы №16 мектеп пен Ө.Жәнібеков атындағы №19 мектептің жанындағы қосымша оқу корпустарының құрылыс барысымен танысты. Жайлау шағын ауданындағы №16 мектепте 575 орындық, ал, №19 мектеп жанында 375 орындық жаңа ғимарат салынуда. Екі нысан да келер жылға өтпелі жоба саналады. Әкім құрылыс жұмыстарын сапалы етіп жүргізуді, әрі уақтылы аяқтауды міндеттеді.

Сондай-ақ, қала әкімі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен «Жұлдыз» индустриялық аймағын жалғайтын темір жол желісінің құрылысы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін қарап шықты. Бұл жоба іске қосылған соң, өндіріс орындарының шикізат пен дайын өнім тасымалы жеңілдеп, аумақтың инвестициялық тартымдылығы артады деп күтілуде.

Қаланы аралаудың соңында Ғабит Сыздықбеков Сайрам тұрғын алабы мен Ю.Сареми көшесіндегі жол құрылысының барысын тексеріп, мердігерлерге сапа стандарттарының сақталуына ерекше назар аударуды тапсырды.

 

А.САЙЛАУҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win