Редакция таңдауы

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Отбасы банк Шымкент қаласында жыл сайын дәстүрге айналған екі күндік жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін ұйымдастырып, тұрғындар үшін үй таңдаудың ең қолайлы алаңын қалыптастырды. Шарада қаладағы жетекші құрылыс компаниялары өз жобаларын ұсынып, тұрғындарға баспананы бір жерден салыстырып, тиімді ұсыныстарды қарастыруға мүмкіндік берді.

Жәрмеңкеге OKS group, Kanfar building, Отау Group, BI Group, BATSU group, 01 kz building, “Галерея новостроек”, А.Р.Т. – Құрылыс, Pioneer Group, Dis Construction, BKN Group, GBG, Royal Style City,Damdes Kurylys Invest, Altyn Construction, Satu Ordasy, Prime Builder және MD Строй сынды ірі құрылыс компаниялары қатысты. Қонақтар түрлі тұрғын үй кешендерінің орналасуымен, инфрақұрылымымен, шаршы метр бағасы және құрылыс технологияларымен танысып, қажетті нысанды көру туралы, басқа да келісім жасай алады. Сонымен қатар, отбасылық бюджетке ыңғайлы төлем кестесін есептеп, ипотека шарттары бойынша да толық ақпарат алуға мүмкіндік алды.

Ипотекалық өнімдерге сұраныстың артуы банк ұсынып отырған тиімді мөлшерлемелермен байланысты. Бүгінде салымшылар бастапқы жарнаны жинап болғаннан кейін жылдық 3,5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 3,6%–4,4%) немесе 8,5% (ЖТСМ 9%–9,6%) несие рәсімдей алады. 2025 жылдың басынан бері 60 мыңнан астам тұрғын жаңа депозит ашса, 4 530 отбасы қоныс тойын атап өткен. Бұл көрсеткіш қала халқының қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларына деген қызығушылығын білдіреді.

Банк мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруда да белсенді. Жәрмеңке барысында «Наурыз 2025» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламаларына қатысушылар өздеріне лайық пәтер таңдап, танысты. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп жүзеге асып жатқан «Qamqor» өңірлік бағдарламасы аясында биылдың өзінде 403 тұрғын баспаналы болды. Бағдарлама медицина, білім, мәдениет, спорт, ғылыми-зерттеу, журналистика, мемлекеттік қызмет және энергетика саласы өкілдерін қамтиды. Оларға 20 млн теңгеге дейінгі несиені жылдық 5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 5,2%) алу мүмкіндігі қарастырылған. Өтінім беру толық цифрландырылып, «Баспана маркет» порталында жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win