Редакция таңдауы

Қалалық газет – мықты ұстахана

Құрметті «Шымкент келбеті»  газетінің ұжымы!  Ардақты оқырмандар!

Сіздерді қаламыздың ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар, тарихы терең «Шымкент келбеті» газетінің 35 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Отыз бес жыл – айтуға ғана жеңіл болғанымен, бұл кезеңнің артында өлшеусіз еңбек, кәсіби табандылық пен азаматтық жауапкершілік жатыр. Ел үшін ең қиын шақтарда, халық газ бен электр энергиясына зәру болған кезеңдерде де қалалық газет өз жұмысын тоқтатпай, шымкенттіктердің үніне айнала білді.

Осы жылдар ішінде басылым қабырғасында талай қаламгердің қанаты қатайып, журналистиканың қыр-сырын меңгерген мамандар тәрбиеленді. Бүгінде сол түлектер республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында табысты еңбек етіп, қалалық мектептің биік деңгейін дәлелдеп жүр. Бұл – «Шымкент келбетінің» нағыз шығармашылық ұстаханаға айналғанының айқын көрінісі.

Өз басым үшін де бұл басылым мен орталықтың орны ерекше. Тағдырыма осы киелі орданың директоры болу бақыты бұйырғанын әрдайым зор жауапкершілік әрі үлкен сенім деп қабылдаймын.

Мерейлі мерекеде газет ұжымына шығармашылық табыс, қаламдарыңызға қуат, ал оқырмандарына адал серіктестік пен сенім тілеймін. Оқырманы көп басылымның ғұмыры ұзақ болары сөзсіз.

Мерейтой құтты болсын!

Уәли ҚЫДЫР
«Turkistan Media Holding»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бас директоры

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win