Редакция таңдауы

Қаратаулықтар биыл табиғи газбен толық қамтылатын болады

Қаратау ауданында 331 мыңнан астам халық тұрады. Аудан аумағында 19 елді мекен бар. Кей елді мекендер кезінде Шымкент қаласының агломерациясы бағдарламасы аясында қала құрамына жаңадан енген тұрғын алаптар. Сәйкесінше жылдар бойы шешілмеген коммуналдық түйіткілдер қала құрамына енісімен арнайы жоспар жасалып, соған сәйкес бүгінгі таңда олар кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаев «биыл бұл мәселенің бәрі толық шешіледі» деп отыр. Ол бұл жайында Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Сенімге селкеу түспейтін сияқты. Себебі, ауданда 2025 жылы бірқатар игі-істер атқарылған. Нәтижесінде тұрғындардың табиғи газбен қамтылу көрсеткіші дәл қазір 98 пайызды құрап отыр.
Брифинг барысында аудан әкімі 2025 жылы аудан аумағында атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді. Биыл да ауданда инфрақұрылымдық жүйелерді дамыту, абаттандыру, жарықтандыру және жол жөндеу жұмыстарын жалғастыруға басымдық берілетінін атап өтті.
«Биыл «Гидрогеологтар» елді мекеніне газ құбыры тартылады. Сосын кезекте Таскен, Қызылсу, Шапырашты ауылдары тұр» деген аудан басшысы бұл орайда нақты жұмыс жоспары барын айтты.
Тұрғындарды таза ауыз сумен 100 пайыз қамту жоспарының орындалуына да аз уақыт қалыпты. Былтыр көптен бері түйіні тарқатылмай келе жатқан Сайрам және Қызылсу ауылдарына тәуілік бойы су беру ісі шешілген. Сумен бұған дейін қамтып келген жекеменшік компанияның ісіне наразы тұрғындардың өтініші бойынша су беру ісі мемлекеттік меншікке алынды. Дәл осындай жарықпен қамту ісіндегі түйткіл Тұран шағын ауданы мен Сайрам ауылында да шешімін тауып келе жатыр. Электр желісінің құрылысы жүруде. Жалпы ауданда сапалы жарықпен қамту көрсеткіші қазір 99 пайыз. Аталған елдімекендердегі құрылыс аяқталса мәселе толығымен шешіледі.
Аудан аумағында 2025 жылы кәріз жүйесімен қамту 46%-ды құрайтын болса, биыл мұны жыл соңына дейін 55%-ға жеткізу жоспарлануда екен.
Көшелерді жөндеу жұмыстары бойынша ауданда жалпы 753 шақырымды құрайтын 896 көше болса оның 745 шақырымы асфальтпен, 8 шақырымы шағалтаспен жабылған. Ал аудан аумағындағы көшелердің бәріне жарық шамдары орнатылған.
–«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша аудан аумағында 49 жобаны былтыр жүзеге асырдық. Биыл да осынша жоба бойынша жұмыс жүреде деп жосарлап отырмыз. Ауданда қазір 255 ойын алаңшасы, 177 спорт алаңы бар. Былытыр 1 гүлзар салынды. Аудандағы 33 сябақ тұрғындар тұрғындар иелігінде,-дейді аудан басшысы Алмас Емелтайұлы.
Айтса айтқандай-ақ, аудандағы көпқабатты 7 үйдің қабырғасына қалаға сән беретін мурал сурет салынып, Сайрам ауылында мемлекеттік Туымызды орнататын арнайы Тутұғыр салынған. Ономастикалық заң талаптарына сай бірізділік жасау үшін Қаратау ауданы бойынша 604 көшеге бойындағы үйлердің барлығына да көше аттары жазылған тақтайшалар ілінген. Ауданға келген қонақтар іздеген көшесін адаспай табады.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win