Редакция таңдауы

«ҚАРТЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ»

Қарттар – өткен мен бүгіннің арасын жалғап тұрған алтын көпір, даналықтың, мейірім мен парасаттың иелері.

Шымкент қаласындағы Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты №2 бөлімшеде «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты кеш ұйымдастырылды. Қаладағы №75 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиын жастардың бойына «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ұғымын сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагерлер арнайы шақырылды.

Кеш барысында «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» атты бейнеролик көрсетіліп, оқушылар қарттарға арналған өлең оқып, ізгі тілектерін жеткізді. Ардагерлер өмір жолынан өнегелі әңгімелерін айтып, жас ұрпаққа ақыл- кеңестерін берді.

Ақмарал ДҮЙСЕНБЕКОВА,
ОБКЖ-нің №2 кітапхана
бөлімшесінің меңгерушісі

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win