Редакция таңдауы

Шымкенттегі арнайы мал сою пункттері

Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі 2025 жылдың 6-8 маусым аралығында өткізу күтілуде

Мал союды ұйымдастыруға, өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға, союға жол берілмейді. Ветеринариялық заңдылық талаптарын сақтай отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала тұрғындары малды союды арнайы ветеринариялық-санитариялық қорытындысы алынған сәйкестендірілген мал сою орындарында (сою пункттері мен алаңдары) ғана жүзеге асыруы тиіс.

Тоңазытқыш жабдықтардың, рефрижераторлардың және жеке қорғаныш құралдарының қажетті санын қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға сойылған ет өнімдерді тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелері мен талаптары қатаң сақталуы тиіс.

Шымкент қаласы аумағында «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай келетін 4 (төрт) мал сою орындары, тұрақты түрде жұмыс жасайды.

Осыған орай, аталған мал сою орындарында құрбандық шалу кезінде сақтық шараларын және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтай отырып сою жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.

 

Шымкент қаласы бойынша арнайы мал соятын орындардың тізімі.

р/с Мал сою орындары Басшысының аты жөні, тел.нөмері Орналасқан мекен-жайы
1 «Замин» ЖШС Д.Құдайбергенов 8775 930 64 44 Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабына қарасты Әмір-Темір көшесі н/з
2 «Халал Қассаб» ЖШС С.Гултараев            8701 392 83 09 Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бозарық 3 тұрғын алабы №1989 учаске
3 «Байтерек Агро» АӨК Ф.Бегметов

8778 122 31 11

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Махмут ата көшесі №72 учаске
4 «Қазығұрт БРБ»

АӨК

М.Алдабергенов 8 701 819 25 40 Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Қапал батыр көшесі 12/1 үй

 

Соңғы жаңалықтар