Редакция таңдауы

Қазақстан цифрлық экономиканың мамандарын даярлауда — Woosong University Түркістанда кадрларды дайындау ісін кеңейтуде

Woosong University білім беру қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы (Оңтүстік Корея) Сонг Кёнг Ким Қазақстанның жоғары білім және цифрлық технологиялар саласындағы сенімді дамуын атап өтті. Оның айтуынша, Woosong University филиалының Түркістанда ашылуы болашақ экономикасы үшін кәсіби кадрлар даярлауда маңызды қадам болды.

Сонг Кёнг Ким жобаның Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қолдауымен жүзеге асқанын, бұл өңір жастарына халықаралық білім беру стандарттарына қол жеткізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Қазақстан басшылығының қолдауының арқасында Түркістан облысының және еліміздің басқа өңірлерінің жастары жасанды интеллект, деректер ғылымы және цифрлық технологиялар саласындағы маман болуға мүмкіндік алуда», — деді ол.

Woosong University филиалы «2+2» моделі бойынша білім береді: екі жыл Қазақстанда, екі жыл Кореяда немесе Woosong серіктес шетелдік университеттерінде. Бағдарламаны аяқтаған түлектер қазақстандық және корейлік қос диплом алады.

Қазіргі таңда филиалда еліміздің сегіз өңірінен 108 студент білім алуда, олардың басым бөлігі Түркістан облысы әкімдігі бөлген мемлекеттік грант иегерлері.

Қор басшысы Woosong University Kazakhstan жобасы Қазақстанның білім беру саясатының басымдықтарына – практикалық даярлыққа, жаһандық академиялық кеңістікке интеграциялануға және бәсекеге қабілетті кадрлар қалыптастыруға сай келетінін атап өтті.

«Қазақстан цифрлық дәуірдің мамандарын қалыптастыруда. Бұл уақыт талабына жауап беріп, білім экономикасының дамуына ықпал етеді», — деп қорытындылады Сонг Кёнг Ким.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win