Редакция таңдауы

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылығы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткермен келісімге келді.

Дереккөз мәліметінше, ҚФФ басшылығы қазақстандық маман Талғат Байсуфиновтың ұлттық құраманың тізгінін әрі қарай да ұстауын қолдап отыр. Тараптар арасындағы шешуші кездесу келесі аптада өтеді деп жоспарланған. Тәжірибелі бапкерге Ұлттар лигасының матчтары аяқталғанға дейін келісімшарт ұсынылмақ.

Еске салайық, 57 жастағы маман Қазақстан құрамасына бұған дейінгі бас бапкер Али Алиев отставкаға кеткеннен кейін қайта оралған. Байсуфиновтің жетекшілігімен ұлттық команда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында үш матч өткізіп, Бельгия, Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы кездесулерде 5 ұпай жинады.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win