Редакция таңдауы

Қазақстан халқының саны 20,4 миллионнан асты

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 478 879адамды құрады. 2025 жылдың басында ел халқының саны 20 283 399 адам болған. Осылайша, 11 ай ішінде халықтың жалпы өсімі 195 480 адамды құрады.

Желтоқсан айының басында қала халқының саны 13 013 064 адам болды (жыл басынан бері өсім – 239 949 адам), ал ауыл халқы 7 465 815 адамды құрады (азаю – 44 469 адам).

2025 жылғы 1 желтоқсанда республикада бұрынғыдай үш миллионер қала бар. Алматыда – 2 345 012 адам, Астанада – 1 630 640 адам, Шымкентте – 1 291 011 адам тұрады.

Сондай-ақ халқы бір миллионнан асатын облыстардың қатарында:

  • Түркістан облысы – 2 148 168 адам,
  • Алматы облысы – 1 592 652 адам,
  • Жамбыл облысы – 1 215 892 адам,
  • Қарағанды облысы – 1 131 438 адам бар.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win