Редакция таңдауы

Қазақстан Конституцияны өзгерту арқылы өркениеттік таңдау жасайды – Исидор Борчашвили

Конституцияда жекелеген аумақтар үшінарнайы құқықтық режім бекіту Қазақстанныңқұқықтық кеңістігінің бірлігін қамтамасыз етеді,ал негізгі құқықтар мен бостандықтарсаласындағы түзетулермемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтеді. Бұл туралыКонституциялық комиссияның отырысындаАстана Халықаралық университетінің Жоғарықұқық мектебінің профессоры, заңғылымдарының докторы Исидор Борчашвилимәлімдеді.

Ол, өз сөзінде, бүгінде әртүрлі елдераумақтық дамудың сараланған моделдерінкөбірек қолданатынын атап өтті. Бұлинвестициялар, технологиялар және адамикапитал үшін бәсекелестікке объективті жауап.

Алайда, оның айтуынша, мұндайшешімдердің кез келгені мемлекеттікқұрылымның негіздеріне меңзейді, сондықтантікелей конституциялық негізді қажет етеді.

«Сондықтан Конституциядаконституциялық заң негізінде жекелегенаумақтар үшін арнайы құқықтық режімдердібелгілеу мүмкіндігі туралы норманы бекітуұсынылады. Ол мұндай шешімдерді құқықтықкеңістіктің бірлігін, заң алдындағы теңдікқағидатын және азаматтардың конституциялыққұқықтары мен бостандықтарын сақтаументікелей байланыстырады», деді ИсидорБорчашвили.

Ол бұл тетіктерді конституциялық бекітуашық өлшемшарттарды алдын ала анықтауғажәне сол арқылы ерікті шешімдердіңтәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік беретінін айтты.

Сонымен бірге, Борчашвилидің пікірінше, негізгі құқықтар мен бостандықтар бөлігіндегітүзетулер құқықтық мемлекеттің негізгіқағидаттарын нығайтады: құқық үстемдігі, құқықайқындылығы, кінәсіздік презумпциясы жәнежеке адамды қудалаудан қорғау.

«Бұл тек нормаларды нақтылау емес. Бұладам, оның құқықтары мен бостандықтарыбасты назарда болатын өркениеттік таңдау», деп атап өтті Исидор Борчашвили.

Ол азаматтардың жағдайын нашарлататыннемесе жауапкершілікті белгілейтін немесекүшейтетін заңдардың кері күші жоқ деген ереженің ерекше маңызы бар екенін атап өтті.

«Бұл әділеттіліктің іргетастарының бірі.Азамат әрекетті жасаған кезде құқықбұзушылық болмағаны үшін жазалауғаболмайтынына, оның жағдайын өткен күнмен есептеп нашарлатуға болмайтынына сенімдіболуы керек», деп атап өтті спикер.

Сонымен бірге, оның пікірінше,жауапкершілікті жеңілдететін немесе жоятынзаңның кері күші бар деген норма мемлекеттіңадамға бағдарланған сипатын көрсетеді.

Осылайша, ұсынылып отырған бапқұқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінжүйелі түрде бекітеді: адам өзінің кінәсіздігіндәлелдеуге міндетті емес; кінәсі заңды күшінеенген сот үкімімен белгіленбейінше, адамкінәсіз деп саналады; ешкім өзіне жәнежақындарына қарсы куәлік етуге міндетті емес;бір құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқатартуға тыйым салынады.

«Бұл нормалардың Конституциялықбекітілуі олардың қылмыстық процестіңережелеріне ғана емес, бүкіл құқықтық жүйеніңқұндылықтарына айналатынын білдіреді», деп қорытындылады Исидор Борчашвили.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win