Қазақстанда қоғамның тұрақты дамуы үшін басты шарттардың бірі – адам құқықтарының сақталуы, заңға бағынушылық және әлеуметтік әділеттілік. Еліміздің құқық қорғау жүйесінде жыл сайынғы жаңашылдықтарға қарамастан, әр заманның өз сынақтары таусылмайды. Бұл мақалада біз «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету жұмыстары, лудомания індеті, сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жайында сөз қозғаймыз.
Заң және тәртіп қағидаттары қоғамның тұрақты дамуы үшін өте маңызды. Мемлекет тарапынан қабылданған заңдар мен нормативтік актілер азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Әділет департаменті мен басқа да мемлекеттік органдар осы бағытта көптеген шаралар қабылдауда, атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылықтарға қатысты жазалау механизмдерін күшейту.
Лудомания немесе құмар ойындарға тәуелділік – қазіргі қоғамда үлкен қауіп төндіретін психологиялық және әлеуметтік проблема. Әсіресе жастар арасында құмар ойындарға қызығушылықтың артуы мен оның салдарынан туындайтын қаржылық қиындықтар, әлеуметтік қатынастардағы дағдарыстар көбейіп келеді. Лудомания тек жеке адамның өміріне ғана әсер етпей, оның отбасы мен жақындарына да зиян тигізеді. Құмар ойындардың кең таралуы мен оның интернет алаңдарында қолжетімді болуы осы тәуелділіктің одан әрі таралуына жағдай жасап отыр. Осы себепті, лудоманияның алдын алу үшін сауаттылықты арттыру, ақпараттық науқандар ұйымдастыру және жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын пайдалы өткізуіне жағдай жасау өте маңызды. Құмар ойындарға тәуелділік – бұл тек жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл қоғамның проблемасы. Сондықтан мектептерде, жоғары оқу орындарында, қоғамдық орындарда лудомания туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, профилактикалық шаралар ұйымдастыру қажет. Ата-аналар да бұл мәселеге көңіл бөлуге тиіс. Құмар ойындарға қызығушылық танытқан адамға психологиялық көмек көрсетіп, оны сауатты түрде бағыттау қоғамның жауапкершілігіне жатады.
Сыбайлас жемқорлық – еліміздің дамуына кедергі келтіретін үлкен қауіптердің бірі. Бұл мәселемен күресу үшін тек мемлекеттік органдардың ғана емес, қоғамның әр мүшесінің күш-жігері бірігуі қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты бағыты – ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету. Мемлекет тарапынан жемқорлықты болдырмау мақсатында көптеген шара қабылдануда, бірақ бұл бағытта әрбір азаматтың белсенділігі мен сауаттылығы да маңызды рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасы мен жауапкершілігін арттыру қажет. Әрбір қызметкердің қоғам алдындағы міндетін сезінуі, қоғамды адал әрі әділ қызмет көрсетуге шақыру – осы күрестің негізі болып табылады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қоғамда оңды тәжірибелер мен үлгі тұтар тұлғаларды насихаттау, жемқорлықтың зиянды әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Бұл үшін ашықтық, қоғамның мониторингі, және азаматтық бақылау тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері қоғамның әр саласында өзекті. Әділет департаменті азаматтардың құқықтарын қорғау үшін белсенді жұмыс істеп, лудоманиямен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен заңды бұзғандарға қатысты қатаң шараларды қабылдауда. Бұл әрекеттер еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады.
Мейржан Исабеков,
Шымкент қаласы Әділет
департаменті басшысының
орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі