Редакция таңдауы

ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ҰБТ ҮЗДІК ИЕГЕРІНЕ UNCONDITIONAL OFFER ТАПСЫРДЫ!

👏🏽Қозыбаев университеті 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден республика бойынша ең жоғары 140 балл жинаған Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының (Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы) түлегі Жәнібек Әбілханды құттықтайды!

Бұл нәтиже жай ғана «рекорд» көрсеткіші емес, қайсарлықтың, дарындылықтың, білімге деген ұмтылыстың белгісі. Қозыбаев университетінің қызметкерлері Жәнібекке Аризона университетімен (АҚШ) бірлесіп жүзеге асырылатын « Басқарудағы ақпараттық жүйелер» қос дипломдық бағдарламасы бойынша оқуға Unconditional offer шартсыз шақырту табыстады.

KU & UA қос дипломдық бағдарламасы мына мүмкіндіктерді ұсынады:

➡Екі диплом: қазақстандық және американдық.
➡Халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес ағылшын тілінде білім беру.
➡Қазақстан мен АҚШ профессорларының дәрістері.
➡ Семестрді Тусон қаласындағы Аризона университетінде (АҚШ) өткізу мүмкіндігі.
➡Негізгі дағдыларды, жобалық жұмыс, цифрлық сауаттылық пен мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту.
➡Қазақстандық түлектер үшін қолжетімді шәкіртақы.

Басқарудағы ақпараттық жүйелер бағдарламасы- KU және UA бірлескен үш бірегей бағдарламаларының бірі болып табылады. Үміткерлер үшін:
🌱«Биотехнология»;
👩🏽‍🏫«Инклюзивті педагогика».

👍🏽Енді мектеп бітіруші түлектің алдында үлкен таңдау тұр. Жәнібекті тамаша мүмкіндіктерге жол ашатын Қозыбаев университетіне шақырамыз. Біз екі елдің жетекші ғалымдары және оқытушыларымен бірге цифрлық әлемді бағындыруға дайын студенттер қатарына қабылдауға қуаныштымыз! Жәнібекті шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік– армандарға, идеяларға және нақты нәтижелерге апаратын жол!

Соңғы жаңалықтар