Редакция таңдауы

«Құқықтық көмек» жобасы: азаматтардың талап-тілегі назардан тыс қалмайды

AMANAT партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында «Бадам-2» тұрғын алабында азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараға партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, мәслихат депутаттары, аудандық әкімдік, Еңбекші аудандық прокуратурасы мен Полиция департаменті өкілдері қатысып, жергілікті халықтың арыз-шағымын тыңдады.

Қабылдауға келген тұрғындар негізінен, инфрақұрылым, әлеуметтік сала бойынша мәселелерін айтты. Көшелерге асфальт төсеу, көшелердің атын ауыстыру, қаңғыбас иттерді аулау сынды мәселелерін айтты. Тұрғындар елді мекенде көшелер жарықтандырылып, балалар ойын алаңшасы салынғанын жеткізді. Сонымен қатар,  жоғары вольтты электр желісі өткен бағанды жоғары көтеру, қоқысқа толып қалатын арықты мемлекеттің балансына өткізу сынды мәселелерден де хабардар етті.

Іс-шарада тұрғындардың бәріне тиісті жауаптар берілді. Тиісті сала мамандары әр азаматтың мәселесін жеке тыңдап, жедел шешім қабылданатын жағдайлар бойынша нақты шаралар қолданды. Ал уақыт пен зерделеуді талап ететін күрделі сұрақтар хаттамаға енгізіліп, арнайы бақылауға алынды.

Халықпен тікелей кездесіп, олардың проблемаларын тыңдап, оң шешім табуына ықпал ету – партияның негізгі мақсаттарының бірі. AMANAT партиясы бұл жобаны тиімді жүзеге асырып, тұрғындардың көкейкесті мәселелеріне назар аударып келеді.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері AMANAT партиясы филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6651 өтініш келіп түскен. Оның 78 пайызы оң шешімін тапса, қалған сұрақтарға заң аясында жауап берілген.

Т.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win