Шырайлы шаһардың – алып құрылыс алаңына айналғанын аңғару қиын емес. Экономикалық-әлеуметтік дамуы қарқынды Шымкент қаласында құрылыс жұмыстары жыл он екі ай жалғасуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар көлемі ауқымды.
Шымкенттің бас жоспарында көлік-логистика инфрақұрылымы мен инженерлік желілерін жақсарту жолындағы құрылыс жұмыстары нақтыланып бекітілген.

Әлеуметтік нысандар құрылысы – басты назарда
Жыл өткен сайын халық саны көбейіп, демографиялық өсімі жоғары мегаполистердің бірі ретінде Шымкентте әлеуметтік нысандарға деген сұраныс та артып отыр. Осы тұрғыдан алғанда қаланың әлеуметтік экономикалық даму жоспарында бірінші кезекте тұрғындарға аса қажетті білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысын жүргізуге басымдық берілуде.
Қалалық құрылыс басқармасының мәліметінше былтыр Шымкентте 11 жаңа мектептің, атап айтқанда №19, №16, №50, №121, №82, №122, №66 мектептерге қосымша ғимараттар салынған. Тельман шағын ауданында 1200 орынды мектеп, Тұран шағын ауданында 500 орынды 2 оқушылар сарайының құрлысы жүргізілді. С.Рахимов атындағы мектеп, Сайрам колледжіне жатақхана салу да өткен жылдың еншісіне бұйырды. Нәтижесінде осы аталғандардың ішінде 4 нысан (Тұран ш.а. 2 оқушылар сарайы-500 орын, С.Рахимов атындағы мектеп, Тельмандағы 1200 орынды мектеп, №50 мектепке қосымша корпус) пайдалануға беріліп, ел игілігін көре бастады.
Әлеуметтік маңызы жоғары мұндай нысандардың құрылысы биыл да жалғасады. Құрылыс басқармасының мамандары жоғарыда айтылған нысанардың ішінде 7 нысанның құрылысы биыл да жалғасатынын айтады.
Сонымен қатар, былтыр 11 білім беру мекемесі (№10, №26, №13, №9, №99, №75, №108, №1, №109 мектептер, №97 «Ақмарал» балабақшасы, №19 мектептің жылу жүйесі) күрделі жөндеуден өткізілді. Ал, биыл 7 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Атап айтқанда, олардың қатарында көптен бері жөндеу көрмеген Шымкент қаласындағы ұлдарға арналған №1 оқу-инновациялық лицей-интернат ғимараты, Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебі, Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы «№106 «Қайнарбұлақ» жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты бар. Дәл осындай күрделі жөндеу Қаратөбе елді мекеніндегі
Мұхтар Әуезов атындағы №96 жалпы орта мектебінің ғимаратына да жүргізілмек.
Күрделі жөндеуді күткен Шымкент қаласы, 18 шағын ауданындағы А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі, Тұрлан шағын ауданы, Галицин көшесі 15,15 А ғимарат мекенжайындағы №122 «Ақ көгершін» бөбекжай бақшасы ғимараты, Теріскей шағын ауданындағы №46 мектеп-лицей ғимараты да бар. Барлығы да биыл толық жөндеуден өткізіледі деп жоспарлануда.
Бұл орайда спорт және мәдениет нысандары да назардан тыс қалмайтынын айта кеткен орынды. Былтыр №15 спорт мектебінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға тапсырылған. Дәл осындай жөндеу жұмысы мәдениет саласында, атап айтқанда Бәйдібек би №115/1 мекенжайындағы ғимарат та пайдалануға берілді.
Еске сала кету керек, 2024 жылы Шымкентте 4 мәдениет нысанының (Өтеміс мәдениет үйін қайта жаңарту, Базарқақпа мәдениет үйін қайта жаңарту, Көкбұлақ мәдениет үйін қайта жаңарту, Қайнарбұлақ мәдениет үйін қайта жаңарту) құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылған-ды.
Бұдан бөлек, былтыр 3 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы жүрді. Оның бірі «№ 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары болатын. Қалған екі нысан бойынша, атап айтқанда, «№1 арнаулы қызметтер көрсету орталығына» қосымша 50 орынды ғимарат, Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 150 орынды оңалту орталығының құрылысы биыл да жалғасуда.
Әлеуметтік нысандар сапында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы да бар. Шымкенттегі қалалық №3 қалалық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу жобасы жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарлануда. Қалалық қан орталығына қосымша ғимарат құрылысы, Ақжайық перинаталдық орталық құрылысы да биыл жалғасады.
Биылғы жылдың еншісінде «Қазығұрт» мәдениет үйі және «Түркістан» сарайына күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары да бар.
Көпфункционалды теннис орталығының құрылысы, Абай ауданы әкімі аппаратының ғимаратына күрделі жөндеу, Абай ауданында алаңы 3 га айыппұл тұрағының құрылысын жүргізу де жоспарланып отыр.
Бұл тізімде әлеуметтік қамтамасыз ету нысандары да бар. №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрстеу орталығына күрделі жөндеу жүргізу де биылғы жобаға енген 51 нысанның сапында тұр.

Жедел қызмет көрсету орталықтары көбейді
Шымкентте былтыр төтенше жағдайлар департаментіне қатысты 6 нысанның құрылысы жүрді. Олар: Тұран шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы, Таскен, Жаңаталап, Елтай, Сәуле, Бозарық-3 шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығы.
Ал, Жаңаталап, Бозарық-3 шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығы, Тұран шағын ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы биыл аяқталады.
Жеделсатылар жаңартылып жатыр
Шымкент қаласының құрылыс басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС тарапынан көп қабатты 22 үйдің жеделсатылары ауыстырылуда. Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданында – 1, Тұран ауданында – 1, ал Қаратау ауданында 25 жеделсаты жаңартылуда.
Бұл жұмыстарды 2026 жылдың ақпан-наурыз айларында толық аяқтау жоспарлануда.
Орайы келгенде «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС тарапынан былтыр қала аумағындағы көппәтерлі 26 тұрғын үйдің жалпы мүлкі күрделі жөндеуден өткізілгенін еске салайық. (Әл-Фараби ауданы-19, Тұран ауданы-4, Еңбекші ауданында-2 тұрғын үй, Қаратау ауданында-1).
2026 жылы қала аумағындағы 31 көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Айта кетейік, ҚР Тұрғын үй туралы заңына сәйкес, нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, оның ішінде жеделсатыға қатысты шешімдер пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жиналыста, меншік иелерінің жалпы санының үштен екісі келісім берген жағдайда қабылданады.
Заңсыз құрылысқа жол берілмейді
Қала аумағындағы заңсыз құрылыстар назардан тыс қалған емес. Шымкент қаласының құрылыс басқармасының мамандары былтыр
12 айда құрылыс нысандарына мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 545 құрылыс нысанына тиісті шара қабылдау үшін қорытынды құжаттарды Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жолдады.
2024 жылы жарнамадан түсетін салықтар 540 млн. теңгені құраған болса, былтыр бұл көрсеткіш 650 млн. Теңгеге жоспарланып, 11 айда жарнама нысандарынан
591 млн. астам теңге бюджет қазынасына түсті.
Айта кету керек, Шымкент қаласы мәслихатының 27.06.2019 жылғы №51/429-6с шешімімен «Қала аумағындағы сыртқы көрнекі жарнаманы үй жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте жалпы ортаға пайдаланатын автомобиль жолдарының орналастыру тәртібімен шарттары туралы қағидасы» бекітілген болатын.
ҚР «Жарнама туралы» заңына бірнеше өзгерістер енгізілуіне байланысты аталған шешімді жойып, қайта қабылдау туралы шешім жобасы әзірленіп, қайта бекітілуге ұсынылуда.
Бұл өз кезегінде қала аумағының көше бойларында және көше бойларынан тыс жерлерде орналасқан жарнама нысандарын реттеу тәртібіне оң өзгерістер енгізілуде.
Сонымен қатар, қала аумағындағы жарнама нысандарынан түсетін салықтар қаланың республикалық мәртебесіне ие болуына байланысты қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдерді
2 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.
Тұрғын үй құрылысы тұрақталған
Тұрғын үй құрылысы бойынша былтыр Шымкент қаласында қаржыландыру көлемі 52,1 млрд теңгені құрады. Оның 21,4 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінсе, облигациялық қарыздар есебінен 30,7 млрд теңге қарастырылды.
Қалалық құрылыс басқармасы тарапынан былтыр жалпы көлемі 306,0 мың шаршы метрді құрайтын, 3 817 пәтерлі көпқабатты 66 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.
2025 жылы 66 тұрғын үйдің ішінен 203,9 мың шаршы метрді құрайтын, 2 575 пәтерлі 34 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Айта кету керек, 2024 жылы көпқабатты 55 тұрғын үй тапсырылған болатын. Биыл қалған 32 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.
2026 жылы жалпы көлемі 102,0 мың шаршы метрді құрайтын,
1 243 пәтерлі 32 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
Орайы келгенде тілге тиек ететін тағы бір мәселе, абаттандыру ісінде де қалалық құрылыс басқармасы тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар аз емес. Мысалы, былтыр Шымсити шағын ауданындағы көлемі 20,4 га және 6,9 га құрайтын екі саябақ құрылысын салу жоспарланған. Оның біреуінің (Шымсити ш.а. 20,4 га саябақ) құрылысы былтыр мамыр айында аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал, екіншісі бойынша құрылыс жұмыстары биыл да жалғасуда.
Ж.ЖАЙЛАУБЕК
