Respublica партиясы жанындағы «Достық» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған мазмұнды әрі маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Молдабек Асқар Ағабекұлы мен Нұрлыбаев Асхат Мелдебекұлы, Respublica партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Меделханұлы, сондай-ақ бастауыш партия ұйымының төрағасы, ұйым төрағасының орынбасары және ұжым мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, сондай-ақ қоғамдық қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормаларға ерекше назар аударылды.
Жиынға қатысушылар ел болашағы үшін маңызы зор құжатқа қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, Конституциялық реформаның қоғам дамуына ықпалы жөнінде ойларымен бөлісті.
Іс-шара қорытындысында мұндай кездесулер азаматтық белсенділікті арттыруға, құқықтық сауаттылықты нығайтуға және демократиялық құндылықтарды дамытуға ықпал ететіні атап өтілді. Сонымен қатар, Жаңа Конституция жобасын ашық әрі жан-жақты талқылау қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді күшейтудің маңызды тетігі екені айтылды.
