Редакция таңдауы

Сабыр рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды

Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледждің жаңа оқу корпусының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов және Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Салтанатты бөлім Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Оқу орнының жеке құрамы, әкімдік өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері аты аңызға айналған әскери қолбасшыны бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қатысушыларды маңызды оқиғамен Қорғаныс министрі мен мегаполис басшысы құттықтады. Өз сөзінде қала басшысы педагогтардың кәсібилігінің арқасында жас ұрпақтың азаматтық борыш пен ар-намыс және Отанға қызмет ету құндылықтарын жоғары бағалайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ жастардың Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайта отырып, Отан қорғаушылардың даңқты дәстүрлерін лайықты түрде жалғастыратынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрі қала әкіміне әскери бөлімдер мен мекемелерді абаттандыру, гарнизон қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерінде тұрақты қолдауы үшін алғысын білдірді. Алғыс ретінде Қорғаныс министрі Ғабит Сыздықбековке «Ел қорғаны»ведомстволық медалін табыс етті.

Іс-шара Үздік әскери қызметшілерді марапаттау рәсімімен жалғасты және колледж жеке құрамының салтанатты шеруімен, қоян-қолтық ұрыс элементтері мен әскери техника үлгілерін көрсетумен аяқталды. Көрсетілімнен кейін қонақтар оқу ғимаратын, кітапхананы, мұражайды, асхана мен спорт залын қарап шықты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

// DEBUG: Processing site: https://shymkala.kz // DEBUG: Panos response HTTP code: 200 mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet