Редакция таңдауы

Сахна сыртындағы ерен еңбек

  • Шымкент және шымкенттіктер

Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында сахна саңлақтары көп-ақ. Шымкенттік театрсүйер қауым әртістердің көпшілігін танып, біліп те алған. Десе де, өнер ордасында ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген, сахна сыртындағы еңбеккерлер де аз емес. Оларды көпшілік тани бермейді. Солардың бірі – театрдың костюм цехының меңгерушісі Нұрсейтова Гүлжан Сейдоллақызы.

Театр қойылымдарында сахнадағы актерлердің өз образына сай киініп шығуына жауапты бірден бір адам осы Гүлжан Сейдоллақызы. Ол әрбір сахналық образдың столық ашылуына, көрерменге кейіпкердің нанымды әсер қалдыруына киім үлгілерімен үлес қосып жүрген жан. Оның еселі еңбегін ескерген Шымкент қаласының әкімдігі 2025 жылдың қорытындысында «Еңбек адамы» аталымы бойынша салтанатты жағдайда марапаттап, мерейін өсірді.
Гүлжан Сейдоллақызы 1965 жылы 7 ақпанда Ордабасы ауданы, Бөріжар ауылында дүниеге келген. Орта мектепті 1982 жылы тәмамдап, жоғары оқу орнына түсуге талпынғанымен, арман еткен оқуына түсе алмады. Дәл сол кезеңде асқар тау әкесінің жол апатына ұшырап, ауыр халде төсек тартып жатып қалуы оның өмір жоспарына елеулі өзгеріс енгізді. Оқуды қоя тұрып, еңбекке ерте араласуына тура келді.
Ал 1996 жылдың мамыр айы оның өміріндегі маңызды кезең болды. Сол жылы екі кішкентай қызын жетектеп табылған жұмысты істеп жүрген Гүлжан Сейдоллақызы Жұмат Шанин атындағы театрға комендант керектігін білгенде қуана жетті. Қызығы мен қиындығы көп комендаттық жұмысты істеп жүріп, театрдағы бірден бір қойылымды назарынан тыс қалдырмады. Сахна өнеріне деген құрметі, қызығушылығы арта түскен ол 2001 жылы костюм цехына ауысу ұсынысы түскенде бірден келісті. Әртістердің сахналық киімдерін дайындау, келесі қойылымға дейін жуып, үтіктеп, тазартып қою ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын маманның еңбекқорлығына тиеатр басшылығы да тәнті болды. Жылдар өте келе цех меңгерушісіне дейін көтерілді. Бүгінде ол – сахнадағы әрбір кейіпкердің образына жауапты, тәжірибелі маман.
Костюм – тек киім емес. Ол кейіпкердің мінезін, болмысын, ішкі жан дүниесін ашатын маңызды құрал.

– Киім дайын болғанша актерлер сахнада өз образын сезінуі керек. Сондықтан дайындық кезінде рольге сай костюмдерді алдын ала таңдап беремін, – дейді кейіпкеріміз.
Оның айтуынша, режиссер мен суретші сызған эскизден бастап, сахнаға дейінгі әрбір костюм – үлкен жауапкершіліктің нәтижесінде дүниеге келетін өнім. Актердің бет-бейнесі, мінезі, сахнадағы қозғалысы – бәрі де киімде ескеріледі.
Гүлжан Сейдоллақызы үшін «Қарагөз» спектакліндегі Қарагөз бейнесі, Абылай хан мен әл-Фараби образдары ерекше қымбат. Себебі бұл рөлдерде тарихи салмақ пен рухани тереңдік бар. Киім үлгісінің соған сай болуына мән береді.
Бос уақытында үй шаруасымен айналысып, денсаулығын күту үшін спорттық жаттығулармен айналысатын ол өзін сергек ұстайды. «Өнер ордасында тек әртістер ғана емес қарапайым техникалық жұмысшылар да бойымызды таза ұстап, сұлу болып жүруге міндеттіміз» дейді ол.
2026 жылдың мамыр айында Гүлжан Нұрсейтованың театрдағы еңбек жолына 30 жыл толады екен. Былтыр ол «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл – сахна сыртында жүріп, өнерге адал қызмет еткен еңбек адамына көрсетілген лайықты құрмет.

Жасмин ЕБЕШОВА,
ОҚЗУ-нің 2-курс студенті.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win