Редакция таңдауы

Сайрам тұрғын алабында құқық қорғау және татуласу орталығы ашылды

Сайрам тұрғын алабында Шымкент қаласының ҚХА жанындағы «Құқық қорғау және татуласу» орталығының екінші филиалы ашылды. Жаңа орталықтың мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру және дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешуге ықпал ету.

Іс-шараға «Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің төрайымы Дана Кенжеқұлова, кәсіби медиаторлар, қала тұрғындары, ардагерлер қатысты.
Мұнда тұрғындарға тегін құқықтық кеңестер беріліп, татуластыру рәсімдері жүргізіледі. Орталықта адвокаттар, медиаторлар, психологтар және өзге де тиісті сала мамандары бірлесіп, қызмет көрсетеді. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауларында медиация институтын дамыту, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытында бірқатар нақты міндеттер жүктеп келеді. Президент бастамаларын іске асыру аясында елімізде дауларды сотсыз, өркениетті жолмен шешуге бағытталған тиімді тетіктер кезең-кезеңімен енгізілуде.
Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде құрылған Медиация орталығы бүгінде халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді қызмет көрсетіп, азаматтар арасындағы дауларды тиімді әрі жедел реттейтін заманауи алаңға айналды. Орталықта өтініштің сипатын айқындаудан бастап, даудың санатын анықтау, реттеу тәсілін таңдау, кәсіби медиаторды бекіту, құқықтық көмек көрсету және медиациялық келісім жасасуға дейінгі барлық процесс бірізді және жүйелі түрде жүзеге асырылады.
Аталған жұмыстарды одан әрі кеңейту мақсатында Сайрам тұрғын алабында Медиация орталығының жаңа филиалы ашылып отыр. Жаңа филиал тұрғындарға құқықтық көмектің қолжетімділігін арттырып, дауларды сотқа жеткізбей шешу мәдениетін кеңінен дамытуға мүмкіндік береді.
Д.Кенжеқұлова Мемлекет басшысы айқындап берген қоғамдық келісімді нығайту, тұрақтылықты сақтау және азаматтардың құқықтық санасын арттыруда тиімді жұмыстар одан әрі жалғасын табатынын атап өтті. Алдағы уақытта филиал жұмысына қатысты жол картасы әзірленіп, ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау көрсетіледі.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win