Редакция таңдауы

Саябақ іші думанға бөленді

Өткен сенбіде Шымкент қаласының ең көрікті орындары бір мезетте думанға толып, ерекше рухани мерекеге айналды. Қала тұрғындары мен қонақтары «Шым қала» кештерінің аясында түрлі мәдени бағдарламаларды тамашалап, өнердің сиқырлы әлеміне еніп қайтты.

Қаладағы саябақтар мен аллеяларда әр ұжым өз өнерін ортаға салып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Шым сити» саябағында Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының әртістері күлкі мен қуанышқа толы қойылымдар ұсынып, жиналғандардың жүрегін жадыратты. Ал, «Шәмші әлемі» аллеясында «Шымкент концерт» ұйымының әуезді әндері қалықтап, тыңдарманды әсем әуеннің құшағына бөледі.

Осылайша қала орталығы мен шағынаудандардағы алаңдар бір сәтте үлкен сахнаға айналды. «Арбат» алаңында қуыршақ театрының қызықты қойылымдары кішкентай көрермендерді мәз қылса, «Металлургтер» саябағында қалалық орыс драма театры көркем шығармаларымен ерекшеленді. «Қазақстан-Түркия достығы» саябағында опера және балет театрының әуезді ариялары шырқалып, би қойылымдары көрсетілді.

Сондай-ақ, «Нұрсәт-1» аллеясында өзбек драма театрының өнерпаздары ұлттық нақыштағы қойылымдарын паш етсе, Абай саябағында Ж. Шанин атындағы қазақ драма театры классикалық шығармаларды сахналап, көпшілікті терең ойға жетеледі.

Көрермендер үшін бұл кеш – өнер мерекесі ғана емес, қаланың мәдени тынысын айқындайтын үлкен іс-шара болды. Ән мен жырдан шашу шашқан өнерпаздар Шымкенттің мәдени келбетін тағы бір қырынан танытып, қала тұрғындарының жүрегіне шаттық сыйлады.

«Шым қала» кештері шырайлы шаһардың рухани байлығын дәріптеп, өнерсүйер қауымды бір арнаға тоғыстырған ерекше мәдени оқиғаға айналғаны қала қонақтары мен тұрғындарын да қуантып келеді.

Концерттік бағдарламалар жексенбі күні де жалғасын тапты. Бұл жолы да Шымкент қаласының түрлі аллеялары мен саябақтарында ерекше мерекелік көңіл-күй орнады. Шаһардың өнер ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарына арнап сахналық қойылымдар қойып, әсем әннен шашу шашты.

Мәселен, «Шым сити» саябағында Шымкент жастар театрының әсерлі қойылымы көрерменді баурап алса, Орталық саябақта Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының өнерпаздары өнер көрсетті. Ал «Нұрсәт-3» аллеясында Шымкент-цирк ұжымы қызықты бағдарламасымен көпшілікті тәнті етті.

Сонымен қатар, 15 және 17-шағын аудандардағы аллеяларда, сондай-ақ «Спутник» скверінде «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншілері әуезді әндер орындап, қала жұртшылығына қуаныш сыйлады.

Көрермендер өнер ұжымдарының әрбір нөмірін ыстық ықыласпен қабылдап, алғыс білдірді. Қала тұрғындары үшін шығармашылық ұжымдардың дәл осындай ашық алаңдағы өнер көрсетулері айрықша әсер сыйлап, демалыс күнін қызықты ете түсті.

«Шымқала кештері» бағдарламасы осылайша шымкенттіктерге шаттық сыйлап, рухани серпін берді.

Жадыра МҮСІЛІМ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win