Редакция таңдауы

СЕКІРУ МЕН ЖҮГІРУ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ

7 сәуір – Халықаралық денсаулық күніне орай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында сайыс ұйымдастырылды. Сайыс Шымкенттегі орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты №7 кітапхана бөлімшесі мен С.Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бұлбұл Күйшібаеваның жетекшілігімен өтті.

Сайысқа қатысқан 3-сынып оқушылары «Қыран» және «Бүркіт» тобына бөлініп, бірнеше кезең бойынша жарысты. Жүгіру, секіру және жылдамдық пен ептілікке арналған эстафеталық ойындар ойнатылды. Әрбір қатысушы өз шеберлігін, шыдамдылығы мен спортқа деген ынтасын көрсетті.

Сайыс қатысушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, шынықтыру және бірлікке шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Жарыс соңында кітапхана жұмысы насихатталды. Жеңімпаздар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

А.ҚҰРМАШОВА,
№7 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі

Соңғы жаңалықтар