Редакция таңдауы

ШАҢЫРАҚ – БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

Қазақ халқы үшін шаңырақ – тек баспана емес, отбасының тұтастығы мен ұрпақ сабақтастығын білдіретін киелі ұғым. Дана халқымыз «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деп бекер айтпаған. Үй – адамның жан тыныштығы мен өміріне береке сыйлайтын, балалардың шат күлкісі мен үлкендердің ақ батасы қатар ұялайтын мекен. Сондықтан әрбір азамат үшін жеке баспананың орны ерекше.

Бүгінде елімізде халықты тұрғын үймен қамту мемлекеттің әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі ретінде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл игі бастамалар тек жаңа үйлер тұрғызумен шектелмей, елді мекендердің келбетін өзгертіп, азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Сондай оң өзгерістердің бірі ретінде Шымкент қаласындағы Көксай шағын ауданын жаңғырту жұмыстарын айтуға болады. Халық арасында «Зеленая балка» деп те аталатын бұл аймақтың тарихы сонау 1915 жылдан бастау алады. Өткен ғасырдың басында салынған үйлердің дені бүгінде апатты жағдайда. Уақыт өте тұрғындар тарапынан инфрақұрылым мен қауіпсіздік мәселелері жиі көтеріліп келген болатын. Соған қарамастан, бұған дейін Көксайды жаңарту тек қағаз жүзіндегі жоспарлармен шектеліп келген еді. Алайда, соңғы жылдары нақты жұмыстар қолға алынып, жағдай өзгерді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілектерін ескеріп, маңызды шешімдер қабылдады.

Шағын ауданды жаңғырту тұжырымдамасы аясында ескі үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа, заманауи пәтерлерге көшіріліп жатыр. Жаңғыртудың алғашқы кезеңінде көп пәтерлі 9 үйдің тұрғындары – 83 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Ал, жуырда Нұрлыбаев көшесінде тұратын тағы 8 отбасыға жаңа баспананың кілті табысталды.

Пәтерлер тұрғындардың бұрынғы баспаналарындағы бөлме санына сай берілді. Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков жаңа қоныс иелерін құттықтап, оларға бақ-береке мен жайлы өмір тіледі.

Бұл – тек баспана мәселесін шешу емес, адамдардың болашаққа деген сенімді нығайту, өз елі мен қаласына деген сүйіспеншілігін арттыру. Себебі, өз үйі, өз шаңырағы бар азамат – қоғамда орнықты, саналы әрі белсенді тұлғаға айналады.

Көксай тұрғындары толық қоныстанған соң, бұл аумақта әлеуметтік нысандар, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, саябақтар, мектеп пен сауда-логистикалық орталық салу жоспарлануда. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылады. Жобаның маңызы – тек инфрақұрылымды дамытуда емес, қоғамның әл-ауқатын арттыруда, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуда жатыр.

 

А.САЙЛАУҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win